СЕМИНАР САБАҒЫНА ҰСЫНЫЛАТЫН ҮЛГІЛІ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗБЕС 1. Клеткаларды жарық микроскоптарымен зерттеу. Микроскоптардың құрылысы және жұмыс істеу принциптері МБИ-3, МБИ-6, МБИ-11, МБИ-15 фазово-контрасты, поляризационды, интерференционды және электронды микроскоптар.
2. Прокариот және эукариот клеткаларының жалпы морфологиясы. Бактериялар, өсімдіктер және жануарлар клеткаларының пішіні және көлемі, құрылыстарының ерекшеліктері.
3. Клетка қосындылары (белоктар, көмірсулар, майлар, пигменттер). Әртүрлі клетка цитоплазмаларында олардың құрамы және таралуы.
4. Әртүрлі клеткалардағы клетка аралық байланыстар.
5. Клетканың цитоплазмасындағы эндоплазмалық тор (ЭТ) мен Гольджи аппаратының (ГА) құрылысымен топографиясын жарық және электронды микроскоптың көмегімен зерттеу.
6. Лизосомалардың құрылыстарымен қызметтері. Лизосоманың екінші түрінің клетка белсенділігіне және паталогиялық жағдайына байланысты санының жәңе пішінінің өзгермелілігі.
7. Митохондриялар мен пластидтердің әртүрлі клеткадағы топографиялары, пішіні және саны және құрылысы.
8. Ядроның қызметіне қарай өзгеруі, пішіні және құрылысы.
9. Хромосоманың құрылысы.
10. Ядрошық пен ядро қабатының микроскопиялық және электронды микроскопиялық құрылысы.
11. Әртүрлі клеткалардағы клетка циклінің ұзақтығын анықтау.
12. Өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы митоз(митоздың барлық стадияларын қамту) Амитоз.
13. Жыныс клеткаларының бөлінуі. Мейоз хромосомаларының транскрипциясы.
14. Клеткалар мен ұлпалардың дифференцировкасы(жіктелуі).
15. Клеткаға жарақаттану факторларының әсері.