Қосымша әдебиеттер.
7. Мэзия Д. Митоз и физология клеточного деления. М:Ил, 1971.
8. СвенсонК, Уэбстер П. Клетка . М: Мир, 1989.
9. Уиклин Б. Электронная микроскопия для начинающих . Мир, 1975.
10. Фрей-Висслинг А. Сравнительная цитоплазмы. М.Мир 1976.
11.Хэм, Кормак. Гистология, Т. М: Мир, 1989.
12..Ченцов Ю. С. Общая цитология. М: Изд-во М . Унв. 1984.
13. Ченцов Ю. Поляков В. Ультраструктура клеточного ядра. М: наука, 1994.
14. Ролан Ж, Селошн А, Атлас по биологии клетки. М: мир 1978.
15.Ролан Ж, Селошн А, Атлас по биологии клетки. М: мир 1978.
№ 6 Лекция.
Клетка органоидтарының құрылысы және қызметі.
1.Эндоплазмалық тордың, Гольджи аппаратының және лизосомның құрылысы және қызметі.
2.Түйіршікті эндоплазмалық тордың құрылысы және қызметі, оның белок синтезіндегі және цитоплазматикалық мембранадағы рөлі.
Көмкерілген эндоцитоздық көбікшелер арқылы иммуноглобулиндер, сары уыз қосындыларының ақуыздары (аналық жыныс жасушасының цитоплазмасына қарай), тығыздығы төмен липопротеиндер (ТТЛ; орысша: липопротеины низкой плотности-ЛНП) тасымалданады. Рецептоплар қатысуымен өтетін эндоцитоз арқылы жануар жасушалары мембраналарын синтездеуге қажет холестеролды жұтып отырады. Жолестерол енуінің бұл жолы кедергіге (блок) ұшыраса, ол қанда жинақталып, қан тамырларының қабырғасында атеросклероздық түйіндақтар (бляшкалар) түрде шөгеді, сондықтан, олардың қуысы тарылады. Мысалы, туа біткен тұқым қуалаушылық ауру – жанұялық гиперхолестеринемиямен ауыратын адамдардың жасушаларында белок-рецепторлары кеміс болғандықтан (ата-анасынан тұқым қуалаған мутанттық ген әсерінен), лиганд (ТТЛ, яғни холестерол және белок комплекс) қаннан сорылмайды. Сондықтан, қанда қалыптасқан холесторелдың жоғары деңгейі бұл адамдарды жастайынан атеросклерозаға ұшыратып, жүректің коронарлық ауруларынан өлуіне себеп болады.
Жасуша бетіне сигнал түсіретін осындай информациялық молекулаларды плазмалемма құрамындағы арнайы рецепторлар қабылдайды (тірікейді). Рецепторлар – бұл көбінесе плазмалемманың көмірсу бөліктері бар интагралды белоктары және гликокаликстің гликопротеиндері). Сырттан түскен сигналдарды айырып тану, яғни рецепторлық қызмет, жасуша тіршілігіне көптеген себептермен өте маңызды: 1)иондық каналдардың қабырғасын құрайтын белоктардың конформациясын (кеңістіктік пішінін) өзгерту арқылы плазмалемманың өткізгіштігін реттеу; 2)кейбір арнайы заттардың цитоплазмаға өтуін реттеу; 3)Сыртқы сигналдарды жасуша ішілік сигналдарына айналдыру арқылы жасушаның өсуін, бөліну жылдамдылығын, дамуын реттеу, әртүрлі қызметтерін үйлестіру (координациялау).Органеллаларды құрылысы және ұшырасуына қарай классификациялайды (жіктейді). Құрылысы бойынша органеллалар мембраналы жене мембраиасыз бодып екі топқа бөлінеді. Жасушаның басты мембраналы органеллаларына митохондриялар, гранулды және агранулды эндоплазмалық торлар, Гольджи аппараты, лизосомалар, көмкерілген көбікшелер, пероксисомалар жатады . Мембранасыз органеллалар тобына кіретіндер: а) еркін рибосомалар мен полирйбосомалар; б) микротүтікшелер және олардан тұратын құрылымдар - центриольдер, кірпікшелер мен ширақшалар (жгутик); в) фибрилді (талшықты) құрылымдар - микрофиламенттер, аралық жіпшелер.
Достарыңызбен бөлісу: |