Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет72/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Рибосомалар – ұсақ, өлшемі 12х25нм, ядрошықта синтезделетін р-РНК мен ақуыздардан тұратын электрон тығыздығы түйіршіктер рибосомалар митохондриялық және олардан ірілеу болатын цитоплазмалық түрлеріне бөлінеді. Цитоплазмалық рибосомалардың да екі түрін ажыратады: а) еркін рибосомалар, б) гранулды эндоплазмалық тордың және ядроның сыртқы мембраналарына бекітілген рибосомалар. Әрбір рибосома үлкен және кіші суббірліктерден тұрады. Рибосомалар – белок синтезін іске асыратын органойдтар, ол негізінен, кіші және үлкен екі бөліктен тұрады. Бір белок молекуласының синтезіне бірнеше рибосома қатысады, оны полисома деп атайды. Рибосомалардың қызметі – трансляция, яғни белок синтезделу процесі кезінде т-РНК-ның кодын оқып, полипептид тізбегін құрастыру. Бір т-РНКмолекуласы бойында орналасқан бірнеше рибосомалар тізбектеліп, полирибосома деген кешен құрайды. Оларда еркін немесе мембранамен байланысқан түрде орналасуы мүмкін. Цитозольдің еркін рибосомалары мен полирибосомалары жасушаның өзіне қажет ақуыздарды ол гр. ЭПТ-мен байланысқан рибосомалар мен полирибосомалар экспротқа бөлініп шығарылатын ақуыздарды синтездейді. Қарапайым микроскоп арқылы зерттегенде кейбір жасушалар типінің цитоплазмасы диффузды ал басқаларының локальді базофильді боялады. Рибосомаларда липидтер болмайды. - Лизосомалар полиморфты заттар болғандықтан оларды тек электронды микроскоп арқылы ғана байқауға болады. Олардың көбі пластинкалы комплекс маңына орналасқан. Лизосома Гольджи аппаратында секрет түйірлері сияқты пайда болады. Ферменттер түйіршікті эндоплазмалық торларда рибосомалар арқылы синтезделіп Гольджи аппаратында лизосомаларға айналады. Екінші лизосомалар фагоцитоз немесе аутолиз процесінің арқасында бірінші лизосомалардан пайда болады. Мұндай жағдайда фагосомалар бірінші лизосомалармен қосылып, ірі екінші лизосомаларға айналады. Фагосомалар дегеніміз – ішінде ұсталған қоректікзаттары бар вакуольдер сай микроскоптармен лизосомаларды цитохимиялық әдістерді қолдану арқылы ғана байқауға болады. Оның бірі қышқыл фосфатаза реакциясы. Лизосома эукариот клеткалардың барлығында соның ішінде фагоцитозға қабілетті лейкоцит клеткаларында көп мөлшерде кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет