Митохондриялардың құрылысы және қызметі. Жоспар
1.Клетканың тыныс алуындағы митохондрияның рөлі
2 Митохондрияның құрылысы: мембраналары, күрделі өсінділері, матриксі.
3.Клетканың тыныс алуына жалпы сипатама.
4. Митохондрияның шығуы. эпдосимбиотикалық гипотеза, митохондрия эволюциясы.
Митохондрия - жасуша және бүкіл организмнің тіршілік әрекеттеріне қажет энергияны (қуатты), цитоплазмаға түскен заттарды аэробты (оттек қатысуымен) тотықтыру арқылы өндіріп, АТФ молекуласының фосфаттық байланьтстары түрінде жинақтайтын мембраналы органелла. Сондықтан, митохондрияны жасушаның- "энергиялык стандиясы" немесс тыныс алу органелласы деп есептейді. Жарық микроскобы арқылы зерттегенде, митохондриялар өлшемі 0,2-2 мкм х 2-10 мкм. пішінлері жіпше (гр. mitos-жіпше), түйіршік(гр.chjndros-дән, түйіршік), эллипс немесе шар тәрізді құрылымдар болып көрінеді (7-сурет,А). Олардың саны (бірлі жарымнан 500-1000-ға дейін), әсіресе, зат алмасу деңгейі жоғары (мысалы, гепатоцитер) қысқарғыш, (мысалы.бұлшық ет тінлері) жасупаларда көп болады. Әдетте, митохондриялар энергияны көп тұтынатын цитоплазма құрылымларына жақын орналасады, мысалы жүректік бұлшық ет жасушасының арнайы қысқарғыш органоидтары - миофибрилдердің гр-және агрЭПТ цистерналарының иондық сорттары(насос)жанында. Қимыл қызметін атқаратын арнайы органоидтармен, мысалы сперматозоидтың аксонемасымен, митохондриялар тіпті тығыз байланысады (7-сурет. Б).