Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет83/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Жасушалық (өмірлік) цикл – деп аналық жасушаның бөлінуі арқылы екі дара жасушалар пайда болуынан бастап, олардың әрбірінің бөлінуіне немесе өлуіне дейінгі кезеңді атайды. Жасушаның өмірлік циклінің міндетті құрамдастары болып митоздық цикл, тыным күйі және көп жасушалы организмге қажет арнайы қызметтерді атқару кезеңі табылады. Митоздық цикл - бір бөлінуден келесі бөлінуге дейін жасушада өтетін процестердің жиынтығын атайды. Митоздық цикл екі негізгі бөліктерден тұрады: 1) митоз және 2) интерфазадан. Анда-санда митоз кезеңімен үзілетін өмірінің ұзақ бөлігін жасуша интерфазадан өткізеді.
Митоз (гр. mitos - жіп) – жасушалар бөлінуінің универсальді (әмбебап, яғни эукариот жасушалардың барлығына тән) механизмі. G2-кезеңнен шығып, жасушаның митозға кірісуі, әсерлері қарама-қарсы бағытталған екі факторлардың реттеуімен өтеді: митозды (М) тежейтін және оны қоздыратын. Митоз кезінде алдымен – ядро (кариокинез), сонан соң, цитоплазма (цитокинез) екіге бөлінеді. Митоздық циклді аяқтайтын, ұзақтығы 1-3 сағатқа созылатын бұл кезеңнің басты құбылысы – жаңа буынның жас жасушалары арасында генетикалықматериалдың тең бірдей бөлінуі. Митоз негізгі төрт фазалардан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза.
А.Профаза (гр. pro - алдында, дейін) кезінде хроматиннің конденсациялануы (тығыздалу)басталып, нәтижесінде, ол жіпше тәрізді (mitos - жіп) хромосомдарға айналады. Генетикалық материалдың тығыздалған мұндай түрі митоз кезінде оны тең бөлуге мүмкіндік береді. S – периодта ДНҚ-ның екі еселенуін, арнайы әдістер қолданбай, жай көзбен тіркеуге мүмкін емес, керісінше, профазаның аяғында әрбір хромосомның центромер аймағында байланысқан, апалы-сіңлілі деп аталатын екі жартыдан тұратыны анық көрінеді. Хромосомдардың ядрошық қалыптастырушы аймақтары да конденсацияға ұшырап, мұнда орналасқан рибосомалық гендердің инактивациялануы (белсенділігінен айырылуы) салдарынан ядрошық жойылады. Профазаның соңында ядролық қабық бұзылып, кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. Кейде осы құбылыстарды прометафаза деп жеке қарастырады. Алғашқыда ядролық қабықтың жанында орналасқан жұп центриольдер бір-бірінен ажырап, жасушаның қарсы полюстеріне (ұштарына) жылжиды. Центриольдерден өсіп шыққан полюстік микротүтікшелер олардың арасында ахроматин (боялмайтын) жіпшелерін құрастырады. Соңғылардың бір бөлігі әрбір хромосомның центромасы аймағында қалыптасқан айрықша ақуыз кешені – кинетохорларға өсіп жетіп, бекітіледі. Нәтижесінде, хромосомдардың ажырауын қамтамасыз ететін бөліну аппараты – митоз ұршығы құрылады.
Б. Метафаза (гр. meta - ортаңғы) кезінде конденсациялануының күшеюі нәтижесінде хроматиннің қысқарылуы мен қалыңдауы ұлғайып, хромосомдар қысқа және жуан таяқша пішінге ие болады. Олардың морфологиясы (құрылымдық элементтері, құрамдас бөліктері), әсіресе осы фазада анық көрінеді, сондықтан да, медициналық генетикада метафазалық хромосомдар жиі зерттеледі.
Жасушалар түрлі зиянды әсерлерге ұшырап, тозады, қартаяды және ерте немесе кеш болсын өледі. Тұтастығын сақтап, өмір сүруін жалғастыру үшін, организм ескірген жасушалардың орнын басатын жаңа буынның жасушаларын өндіріп отыруы қажет. Сонымен, жасушалардың бөлінуі – тірі организмдер үшін өмірлік маңызды құбылыс. Ересек адамда секунд сайын миллиондаған жасушалар бөлініп, өліп жатады. Бөліну алдында жасуша көлемін екі есе өсіріп, құрамдастар санын көбейтеді. Осы жағдайда ғана ол келесі буынның екі жас жасушаларын туындай алады. Оқтын-оқтын қайталанатын осындай процестер циклдік (цикл – шеңбер, айналым) деп аталады.
Интерфаза – деп ядроның екі бөлінулері арасындағы кезеңді атайды. Митозбен салыстырғанда, интерфаза митоздық цикл мерзімінің едәуір ұзақ бөлігін құрайды және бұл кезде бөлінуге дайындық құбылыстарының, яғни жасуша құрамдастары синтезделуінің көпшілігі өтеді. Интерфызы үш периодтардан тұрады: 1) пресинтездік немесе постмитоздық – G1 (ағыл. gap – аралық); 2) синтездік - S (ағыл. synthesis-синтез; 3) постсинтездік немесе премитоздық – G2.
Постмитоздық немесе пресинтездік (G1) период – жасушаның митоздық бөлінуі (М) аяқталысымен басталатын кезең. Жаңадан қалыптасқан әрбір жасушаның ядросында генетикалық материал – ДНҚ-ның мөлшері диплоидты (2с) болғанымен, ақуыздар және РНҚ-ның мөлшері бастапқы ата-аналық жасушадан екі есе аз. Сондықтан, G1-кезеңде жасуша өзін-өзі құрастырып, келесі буынның екі жас жасушаларын туындау үшін денесі жеткілікті өлшемде болуы тиіс. Осы кезден бастап, интерфазаның басқа да периодтарында РНҚ мен ақуыздар синтезі үздіксіз және белсенді түрде өтуі нәтижесінде, органеллалар қажетті мөлшерге жетіп, жасуша өседі. G1 – кезең-циклдің ең ұзақ уақыт бойы – бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін өтетін кезеңі. Оның соңында S – периодқа дайындық басталады – ДНҚ-ның синтезіне қажет бастаушы заттардың (шикі зат) түзілуіне қатысатын ферменттер синтезделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет