Клеткалардың бөлінуі және клеткалардың дифференциациясы.
1.Клетка циклі. Соматикалық клеткалардың бөлінуі.
2.Клетканың тіршілік циклі: пресинтетикалық, синтетикалык, постсинтетикалық фазалар және митоз.
3. Клетка фазалардың клетка тіршілігіндегі маңызы.
Жасушалар түрлі зиянды әсерлерге ұшырап, тозады, қартаяды және ерте немесе кеш болсын өледі. Тұтастығын сақтап, өмір сүруін жалғастыру үшін, организм ескірген жасушалардың орнын басатын жаңа буынның жасушаларын өндіріп отыруы қажет. Сонымен, жасушалардың бөлінуі – тірі организмдер үшін өмірлік маңызды құбылыс. Ересек адамда секунд сайын миллиондаған жасушалар бөлініп, өліп жатады. Бөліну алдында жасуша көлемін екі есе өсіріп, құрамдастар санын көбейтеді. Осы жағдайда ғана ол келесі буынның екі жас жасушаларын туындай алады. Оқтын-оқтын қайталанатын осындай процестер циклдік (цикл – шеңбер, айналым) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |