2. Өмірдің мәні және кәсіби өзін-өзі анықтау психологиясын талдаңыз
3. Өмірдің мәні, өмірлік мақсаттар және бағдарламалар, кәсіби маманның сенімдері мен бағдарларын түсіндіріңіз.
4. Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізін анықтаңыз.
5 «Әлеуметтік әлемдегі Менді» сипаттаңыз.
Мотивацияның психологиялық теорияларына шолу жасаңыз
«Мотивация және iс-әрекет» дегенді қалай түсінесіз?
Мотивация және жеке адам – талдау жасаңыз.
Дәріс 3. Эмоциялар және эмоционалдық интеллект Жоспар: 1.1. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі, оны түсіну және эмпатияға қабілеттілік
1.2. Эмоцияның формалары мен негiзгi түрлерi және Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттері
1.3. Эмоционалдық интеллект анықтамасы және тұлғаның даралық сипаттамасы ретінде
1. Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты.
Эмоция адамның психикалық өмiрiнде ең алғаш пайда болды және бала эмоцияның арқасында психикалық өмiрге бейiмделедi. Демек, баланы әлеуметтiк айналамен эмоция ғана бiрiктiредi.
Адамдардың рухани өмiрiндегi ұят, қуаныш, үрейлену, таң қалу т.б. түрлi уайымдар бiр-бiрiн өзара орын ауыстырумен толықсуын эмоция деп атаймыз. Эмоция - бұл ерекше психикалық құбылыс әсерiмен бiрге, адамдардың уайым түрiнде өзiне пайдалы әртүрлi құбылыстар мен заттардың субъективтi бағалануы мазмұнының көрiнiсi. Эмоция адамдарға қоршаған әлемдi тануға бағыт-бағдар бередi: пайдалы-зияндылығы және т.б. жатқызамыз.
Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады:эмоция пәнi,эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).
Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.