Пәнді оқытудың міндеті



бет11/17
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#92388
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
3896 28375

Тәрбие технологиясы – процестегі жеклеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.
Тәрбиенің нәтижелілігі – тәрбиелік шаралардың ұйымдастырылуы мен атқарылуы арқылы алға қойылған мақсаттың орындалуы.
Ұлтжандылық - өз ұлтының тілін, ділін, дәстүрін сүюдің белгісі. Ұлтжандылық өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, дәстүрін қадірлейтін, ұлттық намысты қорғай білетін адамның қасиеті.


5. Дәрістер жиынтығы
1 - сабақ.
Тақырыбы:«Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесінде». Педагогикадағы жеке тұлға мәселесі, оның қалыптасуы және дүниетаным ұғымы.
Сабақтың мақсаты: Суденттерге педагогика ғылымы ұғымдарын меңгерту, мақсаты мен міндеттері туралы түсініктерін кеңейту. Педагогика ғылымының даму тарихын талдау. Студенттерді шығармашылық тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруға деген ізденістерін белсендендіру.
Әдістері мен формалары: сұрақ-жауап, түсіндіру, проблемалық.
Жоспары:
1. Педагогиканың ғылым ретіндегі даму тарихы.
2.Педагогика пәні және міндеттері.
3.Педагогиканың әдіснамалық негізгі.
4.Педагогика философия, әлеуметтану, мәденеиеттану, тарих т.б. ғылымдармен байланысы.
Негізгі ұғымдар:педагогика, педагогика пәні, обьектісі, міндеті, әдіснама т.б.
Педагогика – тәрбие және білім берудің негіздері туралы пән. Осы саладағы іс-әрекет пен оның заңдылықтарын зерттеп, жүзеге асыру жолдарын таныстырады. Екінші сөзбен айтқанда, педагогика пәні – тәрбие туралы ілім және терминнің шығуы гректің paides – бала, ago – жетектеу, ал сөзбе сөз мәні «пайдагогос» - «бала жетектеу» ұғымынан бастау алған. Кейіннен «педагогиканың» мән-мағыналық ауқымы кеңейіп баланың өсу, өркендеу жолын түсіндіретін өнер ретінде танылып, оларды оқыту, тәрбиелеу арқылы рухани жетілуін білдіретін және оған бағдар беретін ұғымға ие болды. Осы түсінік ХХ ғасырдың орта тұсына дейін көрсетілген шеңберде шектелсе, соңғы жылдар ішінде танымдық деңгейін, ауқымын кеңейтіп, тек баланың ғана емес, ересек адамдардың мамандық саласындағы танымына жетекшілік ететін пәнге айналды.
Педагогиканың ең басты міндеті – адам тәрбиелеу туралы танымдық білім жүйесінде қол жеткен ұстанымды ғылыми тұрғыдан саралап, оның практикалық жолдары туралы бағдар нұсқау. Тәрбие мәселесі қай заманда болмасын күн тәртібінен түспейтін мәңгілік категория. Педагогика пәні – тұлғаның дамуын танып, білуді қамтамасыз ететін тәлім-тәрбиелік қарым-қатынасты білуге, меңгеруге, зерттеуге жол ашады, оқыту мен білім беру, өзін-өзі жетілдіріп, өрістетуге бағдар беріп, бұл саладағы тағылымдар мен оның әдіс-тәсілдерімен таныстырады. Білім берудің игі тәжірибелерін, теориясын білдіру арқылы адамның рухани байлығын табиғат пен қоғамдағы қарым-қатынаста белсенділік танытып, шығармашылыққа бейімделуіне дем береді. Тұжырымдай келгенде педагогика - әрі ғылым, әрі өнер. Бір жағынан теориялық, екінші жағынан тәжірибемен қауышатын практикалық мәндегі пән.
Педагогика пәнін меңгеру мен зерттеудегі басты проблема:

  • Тұлғаның дамуы мен қалыптасу негізіндегі заңдылықтары және оған тәрбиелеу ықпалдарын ұғындыру.

  • Тәрбиенің мақсат, міндеттерін айқындау.

  • Тәрбиелік жүйенің мазмұнын талдап беру.

  • Тәрбие әдістерін, білім беру мен оқытуды зерттеу және оның тиімді тәсілдері мен жолдарын ашу.

  • Оқыту процесіндегі заңдылықтар мен әдістемелер және оған қойылатын басты талаптар.

Педагогика пәнінің негізі – тәлім-тәрбиелік іс-әрекет пен педагогикалық жүйе. Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуына әсер етуге бағытталған өзара бір-бірімен байланысты әрекет құралдары мен әдістері және тиісті процестегі ықпалдастығының көздеген мақсатқа орай ұйымдастырылуы – педагогикалық жүйе болып табылады. Педагогика ғылымында бір-бірімен тығыз байланысты педагогикалық жүйеде алты құрылым бар. Олар мыналар: 1.Оқушылар; 2.Тәлім-тәрбиелік мақсат; 3.Оқыту; 4.Тәрбиелік мазмұн; 5.Дидактикалық процесс; 6. Мұғалім. Педагогикалық жүйенің бағдарлық негізі қоғамның мақсатына, білім-тәрбие беретін мекеменің мүддесіне, оқытылатын пәннің талабына үйлесімді құрылады.
Тәрбие - әрбір болашақ ұрпақтың қоғамдағы өз орнын табуы үшін өткен ұрпақтардың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру. Адамзат қоғамының дамуына қарай, тәрбиенің мазмұны мен әлеуметтік маңызы арта түседі. Еңбек түрінің жіктелуіне қарай, “тәрбиенің” қызметін жүзеге асырумен байланысты, онан кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балаларға әлеуметтік тәжірибені меңгерту үшін, оларды тәрбиелейтін тәрбиеші, мұғалім керек болды.
Педагогика - қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асыратын ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет, объективтік шындықтың барлық қырлары, педагогиканың обьектісі болады.
Ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан мынадай төрт жүйені атап көрсеткен жөн:

  1. Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы, темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.

  2. Психикалық процесс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.

  3. Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әдет.

  4. Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта-ықылас.

Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі, ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған байланысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты жолдары мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе. Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып, эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-қатынасын белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара екі бағыт –биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі. Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық үрдіске түседі. Тұлғаның өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты. Оның басты салалары мынау:

  • Денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып, пішін болмысы дамиды.

  • Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.

  • Әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну, әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб.

Тұлғаның дамуына ықпалды әсер ететін факторлар және оның қозғаушы күштері жөнінде ғалымдар арасында пікірталас жетерлік.Оның ішінде екі салаға назар аударған жөн: Тұлғаның дамуы биологиялық, табиғи, тұқым қуалау факторларына байланысты деп санайтын биологизаторлық көзқарасты ұстанушылар. Ал екінші саладағы тұлғаның дамуындағы басты фактор әлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар. Бұлардың пайымдауынша тұлғаның дамуын шыққан тегі мен ортасына байланысты, балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген бағдарды ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында педология деген ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды.
асып, баланың бойына дарытудағы басты фактор – оқыту мен білім беру екені белгілі.
Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, былайша айтқанда, іс-әрекеті, еркі, қызығушылығы, сезімі, қабілетіне мән беру керек. Осы орайдан тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу деген қағида өріс алған. Демек, көрсетіліп отырған ішкі факторлармен біріккен нәтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды. Тәлімгерлік жасаушы адам алдымен тұлғаның жас ерекшелігіне, дербес өзгешелігіне, психологиялық болмысындағы сипатына зейін қойып, тәрбие мен білім берудің мақсатын, мазмұнын және әдіс-тәсілдерін нақты жағдайға үйлесімді басшылық жасай білсе, оның нәтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады.
2 - сабақ.
Тақырыбы: «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері».
Сабақтың мақсаты: Ғылыми педагогикалық зерттеулер, олардың ерекшеліктері, ғылымның жасалу жолдары, ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастырып, тәжірибеде қолдану әрекетін зерделеу.
Әдістері мен формалары: сұрақ-жауап, түсіндіру, проблемалық.
Жоспары:
1.Педагогиканың пәні және оның негізгі ұғымдары.
2.Қазіргі педагогиканың негізгі әдіснамалық жиынтығы таным, тұлға, іс-әрекет, құндылықтар, әлеуметтендіру теориялары.
3.Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері және олардың сипаты.
Неізгі ұғымдар:оқыту, тәрбиелеу, білім беру, зерттеу әдістері, таным, тұлға, іс-әрекет, құндылық, әлеуметтендіру т.б.
Педагогика ғылымының тәрбие туралы күнделікті тұрмыстық білімдерден айырмашылығы – тәрбие, білім беру облыстарындағы құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын ашу. Оқыту мен тәрбие ықпалдары арқылы адам дамуында қандай өзгерістер жүреді және олар немен байланысты екендігін түсіндіреді.
Педагогика алғашқы кезде барлық ғылымдар сияқты философия аясында дамыды.
Педагогика жеке ғылым ретінде философиялық ғылымдар жүйесінен ХХVII ғасырда бөлініп шықты. Оған негізгі еңбек сіңірген ұлы чех педагогы Ян Амос Коменский. Оның белгілі еңбегі «Ұлы дидактикада» оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оны ұйымдастырудың жолдары қарастырылды. Өз еңбектерінде Я.А.Коменский тәрбие мәселелеріне де үлкен мән берді. Ол «Аналар мектебі» атты еңбегінде отбасы тәрбиесіне байланысты өз көзқарастарын жария етті.
Кез келген ғылымның объектісі мен пәнін ажыратады. Объект – ғылым зерттейтін шындық облысы. Пәні – объектіні нақты ғылым қай жағынан қарастыратыны, зерттейтін жағы, қыры.
Қәзіргі кезде педагогиканың объектісіне деген басқаша да көзқарас қалыптасып келеді. Ол көзқарас бойынша педагогиканың объектісі тұлғаға әлеуметтік тәжірибені меңгертуге және оны дамытуға бағытталған қоғамның мақсатты іс-әрекеті. Оны білім беру деп атайды. Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, экономика, әлеуметтану, психология ғылымдары да зерттейді. Осы ғылымдардың білім беруді зерттейтін өз салалары бар. Мысалы, білім беру философиясы, педагогикалық психология, білім беру эконмикасы, білім беру әлеуметтану және т.б.. Бірақ әр ғылым білім беруді өз тұрғысынан, өз позициясынан қарастырады.
педагогика ғылымынң теориялық және технологиялық функцияларын атап көрсетеді:
Педагогиканың теориялық функциясы үш деңгейде іске асырылады:

  1. сипаттау немесе түсіндіру – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу;

  2. диагностикалық – педагогикалық құбылыстардың, оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің тиімділігін, оларды қамтамасыз ететін себептерді, шарттарды анықтау;

  3. болжамдық – педагогикалық шындықты экспериментальды зерттеу, солардың негізінде сол шындықты түрлендіру моделін жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет