Пәнді оқытудың міндеті



бет9/17
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#92388
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
3896 28375

Моральдық нигилизм – адам өмірінің мағыналылығын, барша қабылдаған адамгершілік және мәдени құндылықтардың маңыздылығын жоққа шығаруға саятын дүниетанымдық ұстаным. Қандай да болса беделді мойындамау.
Оқу бағдарламасы - әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат.
Оқу жоспары – оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат.
Өзін-өзі бағалау - адамның өзіне сындарлы көзқараспен қарап, өз мүмкіндігін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі, өз мақсатын нақтылау, ойын түйіндеу қабілеттілігі.
Педагогикалық жағдаят – педагогикалық процесс пен педагогикалық жүйенің өзектесе бір уақытта көрініс беруі. Педагогикалық жағдаятта тәлімгер мен оқушы қарым-қатынасын қамтамасыз етуі тиісті барлық тәрбие факторлары табиғи түрде тоғысады.
Педагогикалық жобалау – оқушы мен тәлімгердің алдағы іс-әрекетінің негізгі құрылымдарының жасалымы. Педагогикалық жобалау оқытушы әрекетінің тиімділігін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет