Мектепішілік инновациялық жағдай - мектеп басқаруды қайта құруға жағымды не жағымсыз әсер ететін маңызды жаңа енгізулер жиынтығы. Оған мемлекеттік және әлемдік білім практикасындағы инновациялық процестер ықпал етеді.
Мораль –адамгершілік, адамның қоғамға және өзіне басқа адамдарға қатысты мінез-құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығы, қоғамдық сананың ежелден бергі нысаны, адамның мінез-құлқын реттеу функцияларын атқаратын әлеуметтік институт. Мораль тұлғаға қатысты адамгершілік тәрбие мазмұнының негізі болып табылады.