Ғылыми - педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық- педагогика ғылымында жаңа фактілер белгіленеді; теориялық-ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады.
Ғылымилық– оқыту принциптерінің бірі, ең алғаш оны дидактикада тұжырымдаған М.Н.Скаткин (1950). Ғылымилықтың негізгі талаптары: білім мазмұнының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкестігі; оқушыларда ғылыми танымның жалпы әдістері туралы түсінік қалыптастыру; таным процестерінің (теория, оның элементтері, құрылымы және функциясы туралы білім) маңызды заңдылықтарын көрсету. Ғылымилық принципі оқытудың барлық процестік жағын (оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрін, сатыларын, әдістерін) реттейді.