Ғылым – нәтижесі жаңа білім болып табылатын адам қызметінің сферасы
Педагогика- оқыту және тәрбиелеу заңдылықтары туралы ғылым
педагогика объектісі – тәрбие
педагогика пәні – тәрбиелеу мен оқыту барысындағы қарым- қатынас жүйесі
педагогиканың түсінік аппараты- педагогикада қолданылатын категориялар, түсініктер мен терминдердің тәртіпке келтірілген және қатаң сәйкестігі.
Педагогика категориясы – педагогикалық шынайлықта қолданылатын жалпы және нақты түсініктер
Педагогика – жеке адамды тәрбиелеп қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие, білім беру туралы ғылым саласы. Педагогиканың негізгі категориялары – жеке адамды қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру, білім беру, оқыту.
Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін іс-әрекет. Халық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырңан тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады.
Оқу – оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдыларды мақсатты түрде меңгеру процессі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен өзектес жүреді. Оқу оқушының ақыл-ой және дене жұмысының жиынтығын бейнелейді.
Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат етеін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі.
Қалыптастыру - баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігін, өзінің тағдырына өзі үкім ете білуін және өз мінез-құлқын жөнге сала білуін, сондай-ақ дүниенің өзімен қарым-қатынасын түсінуін меңгерту.