Пәнді оқытудың міндеті


- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру), - ынталандыру



бет15/17
Дата07.02.2022
өлшемі0,65 Mb.
#92388
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
3896 28375

- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында әрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-әрекеттерін үйлестіру),
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау; мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың әлеуметтік белсенділігін көтеру; жетістіктеріне сәйкес бағалау және мадақтау);
- қадағалау (талдау және жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тәрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын, педагог мамандар мен тәрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер мен талдаудар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).
Мектеп директорының басшылық қызметі, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшін арнайы жауапкершілігі бар. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының қызметі мен міндеттері:
мектептегі сабақтарды және оқыту процесіндегі тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру;
оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерімінің сапасын бақылау;
әртүрлі пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндік үйірмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.)
оқушылардың оқу көлемін реттеу;
мектептің оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетінің нәтижелері туралы сандық және жазбаша есеп беру;
оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша білім беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;
оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарылату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қорыту мен енгізу;
мұғалімдердің пәндік әдістемелік комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.
«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да бір жаңалық ендіру дегенді білдіреді. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу және тәрбие жұмыстарымен мұғалім және оқушының бірлікті іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, әдістері мен формаларына енген, болашақта енетін жаңалықтардан хабардар етеді.
Қоғам, мәдениет және білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-әрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі мынадай шарттардан туындап отыр:
- әр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, әдіснамасының және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;
- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманизация) сипат алуы;
- оқу пәндері көлемінің үздіксіз өзгеріп отыруы;
- оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пәндерінің енгізілуі;
- мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен
қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;
- жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;
- жаңа оқу орындарының арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы.
Күнделікті тәжірибеде инновациялық процестер сипаты күтілген нәтижелер мазмұнымен, енгізілудегі ұсыныстардың күрделілік және тыңғылық дәрежесімен, сондай-ақ мектеп мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетке дайындық дәрежесімен анықталады.
Мектептегі педагогикалық жүйенің негізгі құрылымдық бірліктерін анықтайтын жағдаяттар-педагогикалық ұжым және оның басшыларының қызметтік іс-әрекеттері. Қазіргі мектептер төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
Бірінші деңгей - мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.
Екінші деңгей - мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директорының көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты бірлестіктер басшылары.
Үшінші деңгей - оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер мен сынып жетекшілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет