Аускультация ережелері:
1. Ауруды тыңдайтын бөлме тыныш және жылы болу керек
2. Аурудың аускультация кезіндегі қалпы перкуссия кезіндегідей болуы керек
3. Дәрігердің қалпы өзіне ыңғайлы болу керек
4. Дененің үсті аускультация кезінде қосымша дыбыс туғызбауы керек (қаулап өскен түк болса, оны не сабындап сулау керек, не қырып тастау керек)
5. Аускультацияны бір жүйелікпен жүргізу керек
Аускультацияның әдістері:
1. Стетоскоп түтіктерінің ұшы құлақтың тесігіне тығыз кигізілуі керек
2. Стетоскоп түтіктері аускультация кезінде бір біріне, аурудың денесіне және дәрігердің киіміне тимеуі керек
3. Қосымша дыбыс тумас үшін стетоскоптың дыбыс қолдайтын қалқанын екі саусақтың арасында қимылсыз қысып ұстау керек
4. Стетоскоптың дыбыс қабылдайтын қалқаны тыңдайтын бетке тығыз да тегіс қойылуы керек. Стетоскоп қалқаны теріге барлық шетімен (периметрімен) бірдей тиіп тұруы керек.
Қосымша әдісі.Диагностикада 3 топқа бөлуге болады.
1. Лабораториялық әдістер. Оларға лабораторияда жүргізілетін анализдер жатады. Мысалы: әр түрлі қанның анализдері, асқазан сөлінің анализі, қанда қант; қалдық азот т.б. заттарды анықтау т.с.с.
2. Аспапты әдістер. Бұл тәсілдерді пайдалану үшін әр түрлі аспап құрал саймандар қолданылады. Мысалы: рентгенмен тексеру, электрокардиография, бронхоскопия, фиброгастродуденоскопия, цитоскопия т.б.
3. Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар. Дәрігерлік манипуляцияға плевраның, перикардтың, төс сүйегінің пункциясы, трепанобиопсия жатады. Диагностикалық операцияға лимфа безі, тері бұлшықет биопсиясы, лапоротомия (іш қуысын ашу) т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |