Науқастың шағымдары.Шағым деп науқас адамның өзі сезетін аурулық түсінігін айтады. Шағымның екі түрі бар: негізгі және қосымша. Негізгі шағым деп әр мүшенің не әр жүйенің ауруына тән белгіні айтады. Мысалы, тыныс алу мүшелерінің ауруларына қатысты шағымдар: жөтел, тұншығу, ентігу, қақырық тастау. Қосымша шағымдар әр түрлі ауруларда кездесе береді. Мысалы, әлсіздену, дене қызуының көтерілуі, ұйқының бұзылуы, бастың айналуы т.б. Науқас шағымын айтқанда кейде бәрін бірдей айтпауы мүмкін . Сондықтан да науқастан сырқатын сұраған кезде оның әр бір күдікті шағымдарына көңіл бөлуі тиіс. Бұл дерт анықтамасындағы басты шешім болып саналады. Егерде науқастан шағымдарын көңіл бөліп дұрыс сұрастырған жағдайда, бастапқы кезеңінде сырқаттың білінуін ерте анықтауға мүмкіндік береді.