«Ашық дипломатия» ұғымы халықаралық қатынастар мен дипломатия тарихына термин ретінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін енді. Оны бірінші рет айналымға енгізген сол кездегі АҚШ-тың президенті В.Вильсон. Ол өзінің 1918 жылдың қаңтар айыңда «Он төрт пункітің» жариялау барысында «Ашық бейбіт келісім-шарттар ашық түрде талқыланып, талқыланған бұл келісімдерді басқаша түрде баяндауға жол берілмейді, ал дипломатия көпшіліктің алдында адал түрде іс-әрекет етеді», - деп айтқан болатын. Осы тарихи оқиғаны Г. Никольсон «демократиялық дипломатия» ұғымымен байланыстырады. «Он төрт пункт» бірінші халықаралық үкіметаралық ұйым —Ұлттар Лигасының құрылуына ықпал етті.
«Ашық дипломатия»ұғымы халықаралық қатынастар мен дипломатия тарихына термин ретінде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін енді. Оны бірінші рет айналымға енгізген сол кездегі АҚШ-тың президенті В.Вильсон. Ол өзінің 1918 жылдың қаңтар айыңда «Он төрт пункітің» жариялау барысында «Ашық бейбіт келісім-шарттар ашық түрде талқыланып, талқыланған бұл келісімдерді басқаша түрде баяндауға жол берілмейді, ал дипломатия көпшіліктің алдында адал түрде іс-әрекет етеді», - деп айтқан болатын. Осы тарихи оқиғаны Г. Никольсон «демократиялық дипломатия» ұғымымен байланыстырады. «Он төрт пункт» бірінші халықаралық үкіметаралық ұйым —Ұлттар Лигасының құрылуына ықпал етті.
«Кіші қайық дипломатиясы»ұғымы биполярлы жүйе, яғни АҚШ пен КСРО арасындағы конфронтация кезінде пайда болды. Бұл ұғым АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Г. Киссинджердің ілімімен және оның Таяу Шығыс мәселесін реттеудегі қызметімен байланысты. Ресми емес түрде кіші қайық дипломатиясын мемлекеттік хатшының тараптармен үздіксіз жүргізген келіссөзін айтады. Яғни, мемлекеттік хатшы бір күні ығысушы тараптардың бір жағымен, келесі күні екіншісімен, ал кейбір кезде бір күнде екеуімен де кездеседі. Тарихта 1973 жылдың қараша айы мен 1974 жылдың қаңтар арасында «Боинг-707» ұшағы Г.Киссинджердің мекені болғаны туралы да деректер бар. Сондықтан мемлекеттік хатшының саяси қызметі «кіші қайық дипломатиясы», ал кейбір деректерде «конкорд дипломатиясы» “онкорд” - ұшақтың моделі деп аталады.