Пәні: Анатомия, жасқа сай физиология және денешынықтыру гигиенсы Қайырлы күн білім алушы!



бет4/7
Дата16.09.2022
өлшемі78,02 Kb.
#149642
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
69562313-e346-44d9-bc67-20e98b1e174b
3 сынып 8 дурыс сабак 1 токсан, 8 сынып 3 сабак 1 токсан, 000f4063-7189f0c4 (1), Саяси тұРАҚтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу дайындаған -engime.org, Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану, Қазақ әдебиеті пәнінен 11-сыныпқа ҚМЖ, otegen-enbektei-jene-makalalary
Тамырдың соғуы. Жүректің әрбір жиырылған кезіндегі артерия кенересінің ырғақты кұбылуы тамырдың соғуы деп аталады. Мұндай кезде тамыр кенересінің серпімділігінің арқасында қан тамыірлары созылады, ал қанның кернеуі жоғалған диастола кезінде қайтадан тарылады.
Тамырдың соғуың сезінуге болады. Бұл үшін әдетте білектегі күре тамырды пайдаланады. Тамырдың соғуы жүректің соғуына әрқашан сәйкес келеді.
Жаңа туған нәрестенің тамыры минутына 130 рет, 7-10 жастағы балалардікі — 85-90, 14-15 жастағы жасөспірімдердікі — 75-80, ересектердікі 68—70 рет соғады.
Тамыр соғуының жиілігі кейде нерв жүйесі симпатикалық бөлімнің тітіркенуіне және зат алмасудың анағұрлым жиілігіне байланысты. Қыздардың тамыры әдетте ер балалардан гөрі жиірек соғады (5—10 рет). Күш түскенде, қозғалысты ойын үстінде гимнастикамен айналысқанда т. б. тамырдың соғуы артады. Күш түсіп болғаннан кейін тамырдың соғуы, неғұрлым тезірек қалпына түссе, соғұрлым жүректің төзімді болғаны.
Қан ағысының жылдамдығы. Қан айналымы жүйесінде бірмезгіл аралығында барлық артерия, капиллярлар мен веналар арқылы бірдей мөлшерде қан ағып өтеді. Жылдамдық қан арнасының кең немесе тарлығына байланысты. Мәселен, ірі артерияларда ол секундына 50 см, веналарда — 20 см, ал капиллярларда—0,5 мм.Артериядағы қан жылдамдығының жоғары болуы оның айналу жылдамдығын қамтамасыз етіп, тканьдерді нәрлі заттармен және оттегімен жабдықтауға мүмкіндік береді. Капиллярларда қанның баяу ағуы ткань аралық зат алмасуға жағдай жасайды, яғни тканьдерге қажетті заттар беріліп, организмге қажет емес заттар әкетіледі.

2. Балалардағы жүрек ақаулары.
Жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуын білдіреді. Осындай нормадан ауытқыған өзгерістер қан айналымының нашарлауына алып келеді. Нәтижесінде ішкі ағзаларға оттектің дұрыс түспеуіне және тыныс алу жүйесінің іркілуіне алып келеді.
Ж еңіл жағдайда ақаудың белгілері білінбеуі немесе уақыт өте келе күшеюі мүмкін. Ауыр жағдайларда сәби дүниеге келе салысымен ота жасату қажет болады.
Көбінесе туа пайда болған (бала құрсақта жатқанда пайда болады) жүрек ақауы диагнозы қойылады. Ол аяғы ауыр әйел УДЗ-ға түскенде, сәби туыла салысымен және бала өмірінің алғашқы жылдарында анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет