Пәні: Анатомия, жасқа сай физиология және денешынықтыру гигиенсы Қайырлы күн білім алушы!



бет3/7
Дата16.09.2022
өлшемі78,02 Kb.
#149642
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
69562313-e346-44d9-bc67-20e98b1e174b
3 сынып 8 дурыс сабак 1 токсан, 8 сынып 3 сабак 1 токсан, 000f4063-7189f0c4 (1), Саяси тұРАҚтылық пен саяси тәуекелділіктің алдын алу дайындаған -engime.org, Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану, Қазақ әдебиеті пәнінен 11-сыныпқа ҚМЖ, otegen-enbektei-jene-makalalary
Электрокардиография. Электрокардиограммада жазудың тәсілі (ЭКГ) жақсы ойластырылған әрі қарапайым келеді. Электрокардиограммада тісшеліер мен арақашықтьтқты түсіндіру (расшифровка) әлдеқайда қиын (80-урет). Бұны арнайы дайындықтан өткен дәрігерлер жасайды.
Мұғалімдер мен педагог-тәрбиешілердің кейде дайын ЭҚГ-ге тап болатын кездері болады. Оларға жүрек жұмысының сипаты мен денсаулықты бағалауда ЭКГ-нің ролін білу көптік етпес еді.
Миокардадағы қозудың пайда болуы, ұлғаюы және тоқтауын ЭКГ арқылы түсіндіретін теория едәуір кең таралған. ЭКГ-нің графикалық жазуының өзіндік түрі болады, белгілі бір тісшелер мен арақашықтарға жүректің соларға сай келетін жай-күйі тән болады.
ЭКГ-нің эволюциялық жане клиникалық түсіндірулерінің және жүрек циклінің фазаларының мәліметтері жүрек жұмысындағы үзіліс оның жиырылу жиілігі секілді адам өмірінің ұзақтығына тікелей қатысы бар.
Демек, спорт жаттығуларын өткізгенде, балалар еңбегін ұйымдастырғанда немесе олардың денсаулығының жай күйіне бақылау жасағанда систола мен диастолаға ғана емес, жүрек жұмысындағы үзілісіне де көңіл аудару керек. Өйткені бұл кезеңде жүрек қуысы қанға толып, тамырларға айдалатын қанның көлемі көбейтіледі.
Демек, тыныштық фазасын жүрек қызметі мен жалпы организмнің мүмкін болатын бұзылуының «қайнар көзі» болуы ықтимал.
Қан қысымы. Жүректен қолқаға айдап шығарылған қан оның кенересіне сынап бағанасы бойынша 150—160 мм күш түсіреді. Қолқаның тарамдалып кетуіне байланысты және тарамдар қосындысының өсуіне орай артериядағы қысым 120 мм дейін, артерияларда — 40 мм дейін, жүрекпен бір деңгейде жатқан капиллярларда 15—20 мм дейін төмендейді. Кеуде қуысына жақын жатқан венадағы қанның қысымы атмосфералық қысымға жақын, бірақ ол тыныс алу актісінің фазасьша тәуелді. Мәселен, тыныс алынғанда ол төмендеп теріске айналады. Кәдімгі тыныс шығаруда жоғарылайды (сынап бағанасымен 2—5 мм-ден көп емес).
Адамның, артериялық қысымы тәулік ішінде құбылып отырады. Мәселен, ол ұйқы кезінде төмендейді, ал жұмыс үстінде және қатты қорыққанда жоғарылайды. Бірақ оның орташа көрсеткіші мейлінше тұрақты. Мысалы, 7—8 жасар балаларда ол сынап бағанасы бойынша 99/64 мм, 12 жастағыларда — 105/70, 13—15 жастағыларда — 107/73, және ересектерде (20—40 жастағы) — 110/80 мм. Оның үстіне ер балаларда 5—9 жаста артериялық қысым қыз балаларға қарағанда жоғары, ал 9—14 жаста керісінше жыныстық пісіп-жетілудің басталумен ер балалардың қан қысымы қыз балалардікінен едәуір жоғары бола бастайды. Қыздар мен боз балалардың (17—19 жас) қан қысымы ересектердің нормасына жуықтайды (110/75 мм, сынап бағанасы бойынша). Қан айналымының бұзылуына байланысты сырқаттанғанда, сондай-ақ сұйықты көп ішкенде қан қысымы өзгереді. Кей жағдайларда ол жоғарылап гипертонияға әкеліп соқса, кейде төмендеп гипотония тудырады. Қатты қалжыраған кезде де гипотония байқалады.
Гипертония мен гипотония көптеген себептерге байланысты ересектерде, балаларда жиі кездереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет