Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы



Дата23.08.2017
өлшемі22,77 Kb.
#25065
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Күшейткіш үстеу
Сабақтың мақсаты : Күшейткіш үстеудің қимыл мен сынның белгісі мен сапасын күшейтіп не солғындатып көрсетуін меңгерту. өз пікірін ашық, еркін айтуға төселдіру, шығармашылық қабілеттерін артыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар, слайд.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Кезекші мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген 309- жаттығуды тексеремін.
А) Мөлшер үстеулерді табу.
Б) Мөлшер үстеудің жасалу жолын айту.
Бір екі оқушыдан ереже сұраймын.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Парақшамен жұмыс. Тақтаға 4 оқушыны шығарамын. (сөйлемді дұрыс құрау)
Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді.
Барлық аттылар жан - жаққа шаба жөнелді.
Асан екеуміз ақырын әңгімелесіп келеміз.
Қасымның бойы онша биік емес.
ІҮ. Жаңа сабаққа дайындық. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыру. Бүгінгі сабағымызда үстеудің бесінші түрі Күшейткіш үстеуді өтеміз.
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Күшейткіш үстеуі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Күшейткіш үстеуі заттың сынын немесе қимылдың, іс әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп немесе солғындатып көрсететін үстеу түрі.
Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады. Біразы етістікпен тіркесіп, қалай? Деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді
Ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б Мүлдем шаршаған, керемет сөйлейді, т.б Аса, тым, ең, өте, т.б
ҮІ. Жаңа сабақ бойынша түсінік тексеру. Үлестірме қағазбен жұмыс:
1. Осы кезде созыла шапқылаған тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын.
2. Мұнда бүгін аса үлкен әбігер бар. Абай мен оның барлық үй іштері, іні шәкірт, достары ең қадірлі әбігер.
3. Тауық етінен жасалған бұл кеспе өте дәмді екен.
4. Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.
5. Содан бері қысқы жүні жетіліп, өңі ажарланып, өте қатты құлпырып алған.
Төмендегі мысалдарды көшіріп жазыңдар. Күшейткіш үстеудә тауып, астын сызыңдар, жасалу жолын анықтаңдар. Әр 2 оқушыға 1 үлестірме қағаздан беремін.
Тақтамен жұмыс: 313- жаттығу. Төмендегі мысалдарды сөйлем мүшесіне талдаңдар, күшейткіш үстеуді табыңдар, кейіпкер туралы не білесіңдер?
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту. Сематикалық карта. Күшейткіш үстеудің жасалу жолы.
Мысалдар Сын есіммен тіркескен күшейткіш үстеу Етістікпен тіркескен күшейткіш үстеу
Айнұр ең әдемі ару +
Азамат өте керемет сөйледі +
Тым биік таулар +
Мінезі өте жақсы +
Мүлдем шаршаған жоқ +
315- жаттығу. Күшейткіш үстеулерді қатыстыра отырып, өлеңді әрі қарай жалғастыру қажет.
Ең ақылды баламын,
Т ым ерекше боламын,
Үздік білім аламын...
ҮІІІ. Сабақты қорыту. Сабақты тест сұрақтары арқылы бекітемін.
Тест сұрақтары.
1. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?
А) 2 В) 3 С) 4
2. Үстеу мағынасы жағынан нешеге бөлінеді?
А) 5 В) 6 С) 7
3. Заттың сынын немесе қимылдың, іс әрекеттің белгісін күшейтіп немесе солғындатып көрсететін үстеу түрі қалай аталады?
А) мекен үстеу В) мезгіл үстеу С) күшейткіш үстеу
4. «Өте әдемі, тым биік» күшейткіш үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп тұр?
А) зат есім В) етістік С) сын есім
5. «Жөнсіз сөйлейді, әбден шаршаған» күшейткіш үстеулері қандай сөз табымен тіркесіп тұр?
А) етістік В) сан есім С) сын есім
6. «Ерте тұр, ерте жат іңірден,
Таңғы нәсіп тәңірден.» Мақалында үстеудің қандай түрі бар?
А) мекен үстеу В) мезгіл үстеу С) күшейткіш үстеу
Бағалау: Оқушылардың сабаққа қатысымы бойынша бағалаймын.
Үйге тапсырма: 314-жаттығу. «Ең биік, ең алып және ең тамаша» тақырыбында өздерің білетін қызықты мәліметтерді жазып келіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет