Пәні: қазақ тілі Сабақтың тақырыбы



Дата21.07.2017
өлшемі35,27 Kb.
#21604
Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: « Жалғау»

Мақсаты: Оқушыларға қосымшалардың қызметтері әр түрлі болатынын байқату . Сол арқылы  жалғау туралы түсінік беру. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету.

Білімділік:

Оқушыларға жұрнақ пен жалғаудың түбір сөзге  жалғану заңдылықтарын аңғартып, жалғаудың қызметі туралы білімдерін кеңейту.



Дамытушылық:

Сауатты жазу дағдыларын, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.



Тәрбиелілік:

Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Әдіс – тәсілдері: Сұрақ –жауап, көрнекілік, ойын

Типі: ашық сабақ

Түрі: Қорытынды сабақ

Көрнекілігі: тірек сызбасы мен жұмыс, үлестірмелі карточкалар, суреттер,кесте, ой қозғау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабаққа қажетті құрал – жабдықтарын түгендеу.

-Балалар, бүгін бізде ашық сабақ өтеді.Сабаққа көптеген ұстаздар қонаққа келіп, білімдеріңді көргісі келіп отыр.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығуды тексеру.Жаңылтпашты оқы.Түбір сөздерді бір бөлек, жалғауы  бар сөздерді бір бөлек жаз.

Түбір сөздер                              Жалғауы бар сөздер

Көп, көк, ешкі.                            Шөпті, жейді



Үй тапсырмасын қорыту.

Тірек сызбамен жұмыс. 3 топқа тапсырма беру.



Қосымша




Жалғау

 

Жұрнақ

1-    топ. Қосымша дегеніміз не?

(Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.)       

2-    топ. Жұрнақ дегеніміз не?

(Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз)

3-    топ. Жалғау дегеніміз не?

(Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз)



ІІІ. Қорытынды сабақ.

-         Балалар, біз бүгінгі сабақта жаттығуларды орындай отырып, жұрнақ пен жалғау туралы білімімізді әрі қарай жалғастырамыз.

Бүркіт суреті

Бүркіт –ші

Бүркіт-пен

Бүркіт-ті

Бүркіт-тер                                 -ға    -лық             -ла

 


                  Су            таза

                                                        -ды            -сын         -лық

 

-Ортада не жазылып тұр? Бүркіт.



Осы  бүркіт сөзіне қосымша қосып көрейікші.

-         Бүркіт –ші. Не пайда болы?

Бүркітші деген сөз нені білдіреді?

-         Бүркітпен аң аулайтын адамды білдіреді.

-         Көрдіңдер ме, бір қосымша қосып едік, сөз мүлде өзгеріп, басқа нәрсені білдіріп кетті.Яғни жаңа сөз жасалды.Басқа бір қосымша жалғап көрейік :

Бүркіт-пен.Мысалы аңды бүркітпен аулайды..Басқа мағынаны білдіретін жаңа сөз бе?

Демек, қосымшалардың өзі әр түрлі қызмет атқарады екен.Түбір сөзге кейбір қосымшалар қосылғанда мүлдем басқа мағыналы жаңа сөз пайда болады да, кейбір қосымшалар жалғаған кезде жаңа сөз емес, басқа сөзбен байланысуға дайын сөз пайда болады.

Қосымша жұрнақ , жалғау болып екіге бөлінеді.

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз. Жұмыс – жұмысшы, ойын- ойыншық

Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.

Жұмыс – жұмыста, ойын- ойынға.

Топпен жұмыс.

1-    Жаттығу. Жұмбақты көшіріп жаз.Жалғаулы сөздерді белгіле.

Жарықта жағалайды,



Қараңғыда жоламайды.

                                 (көлеңке)
Каталог: uploads -> doc -> 04c0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
04c0 -> Семинар Тақырыбы: Педагогикалық ұстаным
04c0 -> Баянауыл ауданының білім бөлімі диктанттар күніне арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет