Пәні: Қазақ тілі Тақырыбы: Ас мәзірі



Дата06.01.2022
өлшемі28,18 Kb.
#109645
түріСабақ
Байланысты:
ас мазири


Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ тілі


Тақырыбы: Ас мәзірі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ерназарова Г


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

Т 1.1.4.1. Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну

А 1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып , түрлі тәсілдермен жауап беру.

О. 1.3.1.1. Таныс сөздерді тұтас оқу Т.қ. 1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында жіктік/ септік жалғауларын қолдану

Т.қ 1.5.2.1. Әріп пен дыбысты ажырата білу,төл дыбыстарды дұрыс айту

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар: Тағам түрлерін атай алады, ас мәзірі бойынша қалаған тағамын ала алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.

Кейбір оқушылар: Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады..

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Берілген тапсырмаға қатысты сипаттау сөздерін айтады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шырын,су.салат,бауырсақ,ет,ботқа, сорпа

Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: ас мәзірі, Ас болсын! Рахмет! т.б

Бағалау критерийлері:


Тақырып бойынша сұрақтар қоя алады.

Тақырыпқа байланысты қажетті сөздердің мағынасын түсінеді.

Сауатты сөйлеуге дағдыланады Визуалды материалдар арқылы тілін дамытады


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

( минут)

(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. «Бауырсақ » сергіту сәтін өткізу.

Топқа бөлу ( Тағамның түрлеріне қарай) ішетін –жейтін тағамдар

Сабақ мақсатымен таныстыру





Сабақтың ортасы

(6-40 минут)
Модуль:

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер




АКТ

(МК, Ұ) Аудиодиск тыңдау. 1-тапсырма Сөйлеу үлгілерімен жұмыс

Жаңа сөздер: сорпа,ботқа,ет,бауырсақ,салат, су, шырын, сүт:

-Мен ботқа аламын

-мен сүт аламын т.б

Топпен жұмыс «Асханада» ойынын ойнау Визуалды ойлау 3-тапсырмадағы үлгіге сәйкес орындау «Ас болсын!», «Рахмет!» деген ілтипат сөздерін қолдану

-Сен не аласың?

-Маған салат пен шырын беріңізші

-Міне,ал. Ас болсын!

-Рахмет!

(МК, Ұ) 4-тапсырма (аламын-алмаймын, иә-жоқ) сөздерін таңдап қолдану

Сергіту жұмысы

Қорытындылау

Дәптермен жұмыс Аудиожазбаны тыңдай отырып орындау (оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіту)


Оқулық
Аудиодиск:

7.3.1; 7.3.3.

смайлоктар

№2 жұмыс дәптері


Қосымша тапсырма: 7.3.

Сабақтың соңы

41-43минут


(Қ) Кері байланыс орнату

«Бағдаршам» немесе «Бас бармақ» қолдану






44-45 мин

Бағалау:

Топ жұмыстарын салыстыру. Белсенділік көрсеткен оқушыларды мадақтау. Смайлоктар таратып беру




Пәнаралық байланыс:

Орыс тілі



Қосымша ақпарат

Рефлексия:

1.Сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

3.Оқыту ортасы қандай болды?

4.Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

5. Мен өз уақытымды тиімді пайдалана алдым ба?

6.Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсатына жетті.

Тағам түрлерін атай алады, ас мәзірі бойынша қалаған тағамын ала алады. Тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады. Сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда қолдана алады. Топтағы барлық оқушылар өз деңгейлеріне қарай жұмыс жасады.

Смайлоктар тарату, мақтау,мадақтау арқылы ынталандыру шараларын қолдандым.Мен жоспарыма көбірек оқылым жұмыстарын жүргізуге және жаңа сөздерді жаттауға дағдыландыруға үйретуді енгіздім. Өйткені 1 сыныптарда суреттерге қарап белгілеу жұмыстары көп белгіленеді, оқуға тапсырма аз беріледі.



Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1. Оқыта үйрету ойынын ойнату, визуалды ойлауларын дамыту

2. Дәптермен жұмыс жасау

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1. Топтық жұмыстарда әртүрлі стратегияларды пайдалана отырып, ынталандыру шараларын көп пайдалану



2.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет