Берілген эмблеманың қандай тарихи оқиғаны сипаттайтындығын анықтаңыз. «Қазақстан - 2030» стратегиясы
Құжат қабылданған жыл 1997 жылы
Құжаттың басымдықтары 7 ұзақмерзімді басымдықты анықтады.
Тарихи құжаттың кезеңдері 2 кезеңнен тұрады.
1-кезең Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық дмау жоспары.
2-кезең. Еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негіздерін қалыптастыруға арналған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары орындалды.
Маңызы Әлем өз дамуының стратегиясын жасауға қабілетсіз көптеген елді көрді. Мемлекеттің өз жоспарын орындай алмаған мысалдары одан да көп. Әртүрлі жағдайлар, саяси ықтиярының нашарлығы және көшбасшылардың қабілетсіздігі арман-мұраттың күйреуіне әкеліп соқты. Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мен елдің гүлденуіне апаратын жол-күрделі әрі ұзық. Сенімді стратегия ғана табысқа апаратыны анық
5
Білім алушының
басқа да дұрыс
жауаптары
қабылданады
2
1 кезең • Жылдары: 1991-1993жж • Сипаты: Экономиканы түбірімен өзгертуден бастап ұлттық валютаны енгізуге дейінгі кезеңді қамтиды
2 кезең • Жылдары: 1994-1998жж • Сипаты: • Негізгі экономикалық заңдар қабылданды. Экономиканы ырықтандыру жүргізілді.
3 кезең Жылдары: 1998-2001жж • Сипаты: • ЖІӨ, өнеркәсіп өнімдері, инвестиция көлемі және басқа да маңызды көрсеткіштер өсті.
4 кезең • Жылдары: 2001 жылдан басталады • Сипаты: • Бұл кезеңде нарықтық экономика институттары табысты жұмыс атқаруымен сипатталады
8
3
Қазақстанда шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына әсер еткен себептерді жазыңыз. Кәсіпкерлікті дамыту — нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мэселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Шағын және орта бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.
Шағын және орта бизнесті дамытудың басты мақсаттары мен нәтижелері қандай болмақ? Шағын және орта бизнестің негізгі мақсаты бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Мұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның өзектілігін көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Пандемиядан кейін шағын және орта кәсіп саласында қандай өзгерістер болады деп ойлайсыз? Менің ойымша көп адамдар пандемия барысында жасап отырған кәсібінің сапасы мен халықтың сұранысына сәйкестігіне бағалай алды. Алдағы уақыттарда кәсіпкерлер тұтынушыларды қанағаттандыратын кәсіп саласын дамытуды қолға алады деп сенемін. Қазіргі жағдайда бұл адамдар үшін алғашқы қажеттіліктер: азық-түлік пен дәрі-дәрмек, киім саласы болуы мүмкін.
Берілген жылдардағы халықтың табыс көлемінің артуына әсер еткен жағдайларды жазыңыз. Мемлекетімізде қабылданған әртүрлі бағдарламалардың әсерлері бар деп санаймын. Мысалы: «Бизнестің жол картасы-2025», мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларының өсуі, студенттердің шәкіртақыларының көлемінің өсуі және т.б. 2013-2016 жылдар аралығында табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі не себепті өзгеріссіз деп ойлайсыз? Менің ойымша, 2014-2015 жылдардағы қаржылық дағдарыстар мен Ресейге бағытталған санкциялардың әсері болуы ықтимал.