9-тақырып.Өткізгіш ұлпалар
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал–жабдықтар: 1. Ақжелек, күнбағыс, қыранот, қияр, асқабақ, тал, үйеңкі, терек, қараған, қытай райхангүлі, т.б. сүректі өсімдіктердің тірі өркені (бұларды сабағынан кесіп алып, ішінен күлгін сия тамызылған суға 6-7 күн бұрын салып, жарық және жылы жерге қойған жөн ). 2. Осы аталған өсімдіктердің тұрақты дайын препараттары. 3. Реактивтер: 10% сода (сілті ) немесе 50% хром қышқылы, флороглюцин ерітіндісі, тұз қышқылы, хлор-цинк-йод. 4. Микроскоп және онымен жұмыс жасау үшін қажетті лабораториялық құрал-жабдықтар. 5. Кестелер.
Тапсырма:
1. Ақжелек тамырын мацерациялап, олардың түтіктеріндегі және клетка қабырғаларындағы қарапайым, жиекті пораларын қарау.
2. Асқабақ сабағы өткізгіш шоғының кесіндісінен ксилема мен флоэма элементтерін бақылау.
3. Қыранот (орляк ) папоротнигі тамыр сабағының ұзын кесіндісінен сатылы түтіктерді қарау.
4. Қарағай сүрегінің ұзын кесіндісінен жиекті поралы трахеидтерді көру.
5. Ксилема және флоэма элементтерінің суреттерін салып, тиісті белгілермен белгілеу.
6. Қысқаша қорытынды.
Достарыңызбен бөлісу: |