2-жұмыс. Жапырақ тақтасының морфологиялық ерекшеліктері.
Оқылатын тақырып бойынша1- жұмысты орындау барысында студенттер жапырақтың бөліктері туралы едәуір мәлімет жинайды және жапырақ тақтасының әр түрлілігі туралы хабардар болады. Ендігі жерде сол жұмыстағы гербарийлерді толықтырып, өсіп тұран бөлме өсімдіктері, кестелер және оқу құралындағы суреттерді пайдаланып, оқытушының көмегімен бір-екі жай және күрделі жапырақтарға қолданылған терминалогия бойынша ауызша сипаттама беру керек. Содан кейін студенттер өз бетінше жұмыс жоспарын жасайды. 1. Жай элирс, қандауыр, жұмыртқа, жүрек, жебе, қалқан, бүйрек т.б.) алуан түрлілігі. 2. Бүтін жай жапырақтар тақтасы жиегіндегі кедір-бұдырларының (үшкір тісті, ара тісті, жұмыр тісті,толқынды ойыс жиекті және т.б.) пішініне қарай да әртүрлі болып келуі. 3. Жапырақ тақтасының ұшы ( доғал, үшкір, сүйірленген, үшкір ұшты, ойыс және т.б.) мен негізінің (дөңгелек, жүрек, бүйрек, жебе, қалқан тәрізді және т.б.)пішіндері. 4.Жапырақ тақтасының жиегіндегі тілімдерінің (телімді, тілімді, бөлімді) мөлшеріне қарай жіктелуі. 5. Жапырақ жүйкелерінің қарапайым (сужапырақ, плаун, самырсын), параллель (жүгері, арпа, сұлы), доға тәрізді (меруертгүл), қауырсын тәрізді (алма) және саусақ салалы (жүзім, үйенкі) сияқты түрлерімен танысу. Жапырақ тақтасында негізінен астыңғы бетінен) негізгі жүйке мен жүйкенің шеткі тармақтарының мөлшеріне, орналау ерекшеліктеріне көңіл аудару. 6. Күрделі жапырақтар: үш құлақты күрделі, саусақ салалы күрделі, қауырсын тәрізді күрделі жапырақтар. Қауырсын күрделі жапырақтың жұп қауырсын күрделі, тақ қауырсын күрделі, екі рет, үш рет жұп қауырсын күрделі, екі рет, үш рет тақ қауырсын күрделі болып жіктелуі.
Достарыңызбен бөлісу: |