13- тақырып. Жапырақтың морфологиялық және анатомиялық құрылысы Сабаққа қажетті объектілер мен құрал – жабдықтар: 1. Дала практикасы кезінде студенттер құрастырған көрнекі гербарий «Жапырақ морфологиясы». 2. Бөлме өсімдіктері. 3. «Жапырақтардың құрылысы және алуан түрлілігі» диапозитиві. 4. Стереомикроскоп, лупалар, сапты инелер.
Тапсырма: 1. Жапырақ бөліктерімен және жапырақтың сабаққа бекіну тәсілімен танысу.
2.Жай жапырақтардың пішініне, тақтасының жиегіне қарай алуан түрлі болып келуін, жүйкеленуін қарстыру.
3. Күрделі жапырақ түрлерімен танысу.
4.Қарастырылған объектілірдің суреттерін салып, тиісті белгілерін жасау.
5.Тапсырманы орындау барысында тақырып соңындағы сұрақтарға жауап дайындау.