4-жұмыс. Өркеннің бұтақтануы.
Бұтақтанудың көне және түрі дихотомды бұтақтануды қарастыру үшін төменгі сатыдағы талломды өсімдіктерден қызыл және қоңыр балдырлардың, жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден плаунның, кейбір мүк тәрізділер мен папоротник тәрізділердің гербарий материалдарын пайдаланамыз. Ашаланған бұтақтардың әрқайсында өсу нүктесі пайда болатындықтан, дихотомды бұтақтанатын өсімдіктерде негізгіөс айқын байқалмайды.
Моноподийлі бұтақтанумен қылқан жапырақтылардың (қарағай, шырша, самырсын, балқарағай т.б. ), сүректі жабық тұқымдылардың (үйеңкі, емен, шағын, көктерек т.б. ) және шөптесін өсімдіктердің (қызылбас беде, жол желкен, қоңырау гүл т.б. ) гербарий материалдарынан танысамыз.
Симподийлі бұтақтануды қарастыру үшін жөке, алма, шие, шабдалы және өсімдіктерден картоп, бүлдірген т.б. гербарий маериалдарын пайдалануға болады.Бұл өсімдіктерге тән симподийлі бұтақтануды моноподийлі бұтақтанумен салыстырсақ, оларда негізгі өс емес, алғашқысын соңғылары жалғастырып, сатыланып жетілген бұтақтар жүйесі байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |