5-жұмыс. Тамырдың анатомиялық соңғы құрылысы.
Қос жарнақтылардың көбінде тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы ұзақ сақталмайды. Камбийдің пайда болып, қызыметінің басталуына байланысты тамырдың алғашқы құрылысы соңғы құрылысына ауысып, тамыр жуандап өсе бастайды.
Камбийдің пайда болуына байланысты қзгерістерді үрмебұршақ, асқабақ т.б. қос жарнақтылардың жас тамырларының көлденең кесіндісінен уақытша немесе тұрақты препарат дайындап көреді.
12- тақырып. Өркен және оның негізгі элементтері
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал-жабдықтар: 1. Қандағаш (Alnus), терек (Populus ), алма (Malus), алмұрт (Pyrus), қарағай (Pinus), шырша (Pisea), жөке ағашы (Filia), плаун (Lycopodium), қырықбуын (Eguiselum), арша (Juniperus) өркендерінің өсіп тұрған немесе гербарий даналары, сол сияқты қызыл және қоңыр балдырлардың гербарийі. 2. «Өркендердің өсуі және дамуы» кинофильмі. 3. Микроскоп және оны мен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 4. Сызғыш немесе миллиметргебөлінген қағаз, қол лупасы, ұстара, қаңдауыр, сапты ине, екі түсті әйнек.
Тапсырма:
1. Серігүл, терек, қандағаш және т.б. сүректі өсімдіктердің бір жылдық жапырақты және жапырақсыз бұтақтарынан өркеннің морфологиялық құрылысын қарастыру. Жапырақты бұтақтардан өркеннің буынын, буын аралығын, төбе және қолтық бүршіктерін, жабын жапырақтары мен жапырақ қолтығын, ал жапырақсыз бұтақтардан жапырақ дағы, жапырақ ізі, бүршік сақинасы және бұйыққан бүршіктерді табу.
2. Көктерек, алма, терек, алмұрт және т.б. сүректі өсімдіктердің ұзарған жіне қысқарған өркендерімен танысу. Олардың еренкшеліктеріне көңіл аудару.
3. Шабдалы, қайың, олеандр,риян, өркендерінен жапырақтың орналасу типтерін қарастыру.
4. Плаун немесе қоңыр балдырлар талломы, арша, қарағай немесе шырша, шие немесе алмұрт, серігүл немесе қара үйеңкі т.б. өсімдіктер өркендерін қарастырып, бұтақтану типтерін ажырату.
5.Бүршіктің құрылысы мен және әр түрлі өсімдік бүршіктерінің орналасуына, атқаратын қызметтеріне байланысты түрлерімен танысу.
Достарыңызбен бөлісу: |