1-жұмыс. Тамыр және тамыр жүйелері.
Гербарийлерден студеттер тамырлардыңшығу тегіне қарай тамырлардың: негізгі, жанама және қосалқы түрлерін ажыратады.
2- жұмыс. Дара және қос жарнақты өсімдіктерде тамыр жүйелерінің жіктелуі. Дара жарнақтылардың тамыр жүйесінің жетілуіне бақылау жұмысын жүргізу үшін бидайдың, жүгерінің өскінін алған қолайлы. Петри табақшасының екі бетіне сорғыш қаңаздың дымқыл 2-3 қабатын салып оған жүгері тұқымдарын орналастырып, сабаққа дейін, 5-6 күн бұрын жылы жерге қоямыз.Одан кейін өскіндерді бетін жауып дөңгелек етіп, картон несмесе тығыз жасалған қақпақтармен жабылған стакандарға аударамыз. Әрбір қақпақтың ортасын тесіп, оған өскінді, тұқым және оның өсіп келе жатқан өркен бөлімін суға батпайтындай орналастырамыз.
Тамыр оймақшасының іш жағында тқбе меристемасынан тұратын бөліну аймағы орналасқан. Бұл аймақ ұзына бой қатар түзеп орналасқан майда изодиаметрлі меристемелық клеткалардан тұрады. Аталмыш аймақта жоғары өсу аймағы жатыр. Өсу аймағының клеткалары көлемін ұзына бойымен созыла ұлғайтқан. Аймақтың орталық күңгірттеу бөлімі– плерома, ал оның сырт жағындағы ашық бөлімі– периблема, клеткалардың ең сыртқы қабаты дерматоген деп аталады.