4-жұмыс. Концентрлі шоқ.
Даяр препарат. Концентрлі шоқты зерттеу үшін інжугүл немесе қыранот өсімдіктерінің тамырсабақтарын пайдаланамыз,
Микроскоптың үлкен объективімен қарап, зерттеген кезде концентрлі шоқтың дәл орталығында орналасқан флоэманы және оны айнала қоршап жатқан ксилема бөліктерін көрсетуге болады.
11-тақырып. Тамырдың морфологиялық және анатомиялық құрылысы.
Сабаққа қажетті объектілер мен құрал – жабдықтар: 1. Көрнекі морфологиялық гербарий «Тамыр және тамыр жүйелерінің типтері». 2. Кәдімгі үрмебұршақ (Phaseolus vulgaris), кәдімгі асқабақ (Cucurbita pepo), жүгері (Zea mays) әр түрлі мерзімде өсірілген өскіндері. 3. Тамыр ұшының тұрақты препараты. 4. «Тамырдың құрылысы және өсуі» инофильмімен «Жас тамыр ұшының құрылысы» деген үзінді келтіру. 5. Микроскоп және онымен жұмыс жасауға қажетті жабдықтар. 6. Тақырыптың соңындағы қайталау сұрақтарына жауап қайтару.
Тапсырма:
1. Көрнекі морфологиялықгербарий, және жүгері, үрмебұршақ, тамыр жүйелерінің түрлерімен танысу.
2. Осы аталған өсімдіктердің өскіндерінен дара жарнақтылар мен қосжарнақтылар тамыр жүйесінің қалыптасу ерекшеліктеріне талдау жасау.
3. Жоғарыда аталған өсімдіктер өскіндерінің тамыр ұшынан препараттар дайындау. Микроскоп арқылы қарап, тамыр оймақшасын, бөліну, өсу, сору және өткізу аймақтарын табу.
4. Тамыр жіне тамыр жүйелері типтерінің суреттерін салып, тиісті белгілерін жазу.
5. Жас тамыр ұшының суретін салып, тамыр аймақтарын белгілеу.
6. Қысқаша қорытынды жазу, тамырдың типтері мен тамыр жүйелеріне жеке-жеке қысқаша тоқталып, түсінік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |