Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет22/41
Дата26.10.2023
өлшемі167,79 Kb.
#188456
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Байланысты:
Философия лекции 2023

Өзін-өзі бақылау сауалдары:


1.Құндылықтар теориясының негізі неде?
2.Пайдалылық пен принциптер қандай?
3.Толеранттық деп нені айтамыз?


ТАҚЫРЫП 10. Еркіндік философиясы


Дәрістің мақсаты: Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі сұрақтарын талдау.

Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза). М.Хайдегеррдің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы. Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю). Н.Бердяевтың еркіндік концепциясы. Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік. Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгершілік-құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері.Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық. Тұлғаның, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары. Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық – адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі. Абайдың "толық адам" концепциясы. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.




Жоспар:

1. Еркіндік және абсурд (А.Камю)

2.Еркіндік – қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі


3. Абайдың "толық адам" концепциясы


Еркіндік және абсурд (А.Камю)


Бүгінге дейін көп оқылатын, Нобель сыйлығының құрметті иегері болған бұл Ұлы жазушының ажалы аянышты әрі мәнсіз болғаны секілді, шығармаларының негізгі тақырыбы да мәнсіздік — абсурд мәселесін төңіректейді. Камю шығармаларын, идеяларын бір жақтылы түсіндіре салу мүмкін емес. Ол қатпары мол, идеясы алуан пікірлер тоғысқан, астарлау мен тіке айту қатарласқан ғажайып суреткер болды және жай суреттеп қана қоймай, өзі суреттеген құбылыстардың астарына бойлауға жол сілтеуді де ұмытпады. Белгілі мағынада, оның тұжырымы бойынша, адам өмірі – ажалға қарай баяу немесе тез жақындау есептеледі. Бұл дүниеде адам қол жеткізетін лауазым, атақ-даңқ, байлық, ұрпақ, туған-туыс, ата-ана, жақындар – бәрі де өткінші. Ешнәрсе және ешкім де мәңгі емес. Сондықтан адам тіршілігінің мәні мен мағынасы туралы сөз қозғаудың өзі мәнсіз. Дегенмен, осынау абсурдқа толы (сен көңілді келе жатқанда абсурд кенет белгісіз тұстан суырылып шығып бетіңе шапалақпен осып кетеді) мәнсіздіктерге қарсылық көрсетпеу, оған илектене кіріптар болу нағыз абсурд болар еді деп тұжырмдайды. Абсурдты жеңу мүмкін емес, бірақ онымен тынбай күресу, жеңілсе де күресу адам өмірінің шынайы бақыты әне сол болмақ. Камю философиясының өзегінде жан тебірентер гуманизм — адамның қадірі-қасиеті мәселесі жатыр: тек бақытты тұрмыс қана адам қадіріне сай келеді, бақытты адамның өмірін ғана мәнді деу керек. Мысалы, оның «Сизиф туралы аңыз» кітабында Камю Сизифтің бақыты туралы елестетеді, өйткені Сизифтің ниеті абсурд емес, абсурт ешқашан бізге ненің бақыт, ненің бақытсыздық екенін ажыратып айтпайды. Сизифтің бүкіл тірлігі басқа күш жағынан мәжбүрленген абсурдқа құрылғанымен, бәрібір Сизифтің өзі өз ісіне көңілді кірісіп, тасты таудан асыра алмаса да тас домалатудан айнымағандықтан, ол өз қадірін-қасиетін сақтай алған "бақытты жан" есептеледі.
Камюдің ойынша Сизифті бақытты еткен нәрсе оның абсурдқа қарсылығы. Жеңе алмайтыны белгілі болса да жеңемін деп құлшыну — міне бұл адам қадір-қасиетінің ең бағалы өлшемі. Тек абсурдқа қарсылық болған жерде ғана қадір-қасиет туралы айтуға болады.
Камю шығармашылығында қос негізді тақырыптардың үлесі көп, кейі кітап аты да болып келеді: «Сол мен оң», «Сүргін және патшалық» қатарлылар.
Камю назар аудартқан басқа да қос негіздер "Былжырақ және ақыл", "Өмір және өлім", "Азғындау және құтқарылу", "Жарық және көлеңке", "Күнә және бейуаздық", ... Бұл өзара қайшы қос негізді тақырыптар қайталанып көрініс табады және олар бір-бірін жеңе алмайды, бір-біріне сай қисынмен қатар өмір сүреді.
Камю өз эсселерінде мынадай риториканы жиі қолданады: айқын жарықты жойқын қараңғылық арқылы суреттеу. Шығармаларында бұл риторикалық амал болуы мүмкін, бірақ бұл оның барлық шығармаларында кездесетін негізгі ерекшелік есептеледі. Оның роман-әңгімелерінде болсын, философиялық эсселерінде болсын, немесе сахналық қойылымдарында болсын логикалық бір ізділік жоқ, кез келген жерінде өзара қайшылықтар тасқыны аласұрып кете береді. Басқа жазушыларда бұл кемшілік құсап көрінгенімен, Альберт Камюге келгенде ол ғажайып тереңдік болып көрініс табады. Дания физигі Оге Нильс Бор айтқан болатын:
"Ұсақ ақиқаттарға салыстырмалы нәрсе әрине сандырақ есептеледі. Бірақ ұлы ақиқаттарға салыстырмалы нәрсе қашанда ұлы ақиқат қана болып шығады"
Камю өзінің бұл түрдегі қайшылықтарға тура қарауы арқылы адамзат ойының шектілігі мен дүниетанымдық жарқаштарын паш етеді. Қос негіз қашанда екі тараптың қатар өмір сүруін алғышарт етеді, бірақ ол адам өмірінде үлкен сасқалақ, мағынасыздық, бөгделік, алуандық әсерін туғызады. Демек, ол өмір тақырыбында анықтау қиын, адамгершілікке сай келе кетпейтін тым тосын өңір есептеледі.
Қос негіз әуелде батыстық ойдың маңызды бір ерекшелігі болатын. Бірақ ол тарихтар бойы субъект (өзем) пен объект (көзем), жақсылық пен жамандық, сұлулық пен сұрықсыздық, ақиқат пен сандырақ, ақ пен қара, білім мен надандық секілді біржүріс ұғымдарға байланысты түсіндірілді. Ал, Бірақ Альберт Камюде бұл дәстүрлі ұғымдар кездесе бермейді, олар тек "сүргін және патшалық", "жарық және көлеңке" секілді образдарға орын босатады. Адам өлтіру қылмысы туралы жазылған «Бөгде» шығармасында "Қылмыскер және Бейуаз" мәселесі де мәнін жойып, оның артындағы тіпті де өзекті мәселеге ойысады: "Парыз және Безбүйректік" мәселесі. Камюдің бұл парадоксті теориясы оған теориялық шығар жол (шешім жолын) бере алмаса да, оның шығармаларындағы оқиғаларының сұмдық көп мағыналылығын, мәнді және әсерлі болуы туғызған. Эстетика тұрғысынан қарағанда, қарапайым, еш әрленбеген тіл адам санасына тосын қатер туғызады. Камюдің «Бөгде» және «Азғындау» шығармаларында бұл өте айқын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет