Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Ж.Деррида өзінің мəтіндерін талдау контексінде деконструкция стилистикасын келесі белгілермен сипатталауы мүмкін



бет8/41
Дата26.10.2023
өлшемі167,79 Kb.
#188456
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Байланысты:
Философия лекции 2023

Ж.Деррида өзінің мəтіндерін талдау контексінде деконструкция стилистикасын келесі белгілермен сипатталауы мүмкін:

  • қандай да бір əдіс болып табылмайды жəне бола да алмайды;

  • оның кез келген «оқиғасы» бірегей жазу немесе идиома ретінде қайталанбайды, себебі оның пафосы ретінде «мағынаға қарсы мəтін ойыны» қатысады;

  • оның дамуына кедергі келтіретін кез келген анықтама дұрыс емес;

  • қандай да бір субъектінің (жеке немесе ұжымдық) қолданысына жатпайтын мəтін немесе тақырып;

  • оның барлық жердегі нəтижелерінің болуы, тіпті «дəуір-болмыс-деконструкцияда» ешқандай оптимизм орнатпайды;

  • оның мəні — философиялық ұғымдағы метафораның этимологиясын эстетика арқылы болжайтын философияның көркемдік транскрипциясы;

  • оның шеңберінде философиялық тіл құрылымдық психоталдауға түседі;

  • лингвистика-грамматикалық немесе семантикалық модельге келмейді;

  • деконструкция барлық мəнінде де сын емес;

  • оның парадоксы өнертапқыштың жалғыз мүмкіншілігі — мүмкін еместі ойлап табуында;

  • деконструкция нигилизм, модернизм жəне постмодернизм симптомы болып табылмайды. Ғасыр соңындағы сенімді азаптаушы соңғы куəгер, — дейді [6; 115].

Деконструкцияның жалпы дамуы екі негізгі əрекетке байланысты. Бірінші əрекет — айналдыру, екінші — қайта тірілту. Айналдыру — аттап өтуге болмайтын əрекет, себебі бинарлық оппозицияның күшін жою дегеніміз тек қана оппозиция мүшелерінің орнын ауыстыру емес. Олай істегенде деконструкция жасалатын аймақ қозғалусыз қалар еді. «Мəселе əрбір сатылы тəртіптен (иерархиядан) бас тартуға да жатпайды, себебі анархия əрқашанда тірлік етуші билікті күшейтеді. Белгілі иерархияның терминін өзгерту немесе орнын ауыстыру қажет емес, иерархияның өзіндік құрылымын өзгерткен жөн»,— дейді аталмыш ұғымның теоретигі Ж.Деррида. Екінші əрекет предикат пен ұғымдар иерархиясын қайта жасап, жаңаша қорытындылауға байланысты. Бұл сатыда ұғымдардың қудаланған иеліктері мен мүмкіндіктері қайта жандалып, жаңа ұғымдар айналдырудың бірінші адымындағы үстемдік құрған дəстүрлі ұғымдарға енгізіледі. Сонда ғана деконструкция толық жүргізіледі деп айтуға болады. Деконструкция — қос амалды ілім. Деконструкцияның екі ағымы — айналдыру мен қайта тірілту бір уақытта жасалады. Сөйтсе де олардың арасындағы өзгешілік сақталатыны айқын.
Постмодернизм теориясындағы əлем мен адамға мəтін ретінде қарау жаңа заманғы беделді философтардың (сонымен қатар мəдениет зерттеуші, əдебиеттанушы, семиотика, лингвист) бірі Жак Дерриданың тұжырымдамасы негізінде құрылды. Ж.Дерриданың айтуынша, «əлем — бұл мəтін», «мəтін — ақиқаттың жалғыз ғана мүмкін моделі». Постструктуралистер адамның санасын мəдениеттің геологиялық феномені ретінде жəне біршама тар мағынада жазбаша мəдениет феномені (Гутенбергерттік өркениеттің жемісі) деп қарастыра отырып, өздерінің концепциялары бойынша жеке тұлғаның сана-сезімін, мəдениет əлемін құрайтын түрлі сипаттағы мəтіндердің сомасына ұқсатады. Бүкіл мəдениет əлемін Ж.Деррида шексіз, шегарасыз мəтін ретінде қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет