Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет4/41
Дата26.10.2023
өлшемі167,79 Kb.
#188456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Философия лекции 2023

Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді.
Өзін-өзі бақылау сауалдры:


1.Ойлау мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?
2. Философия және дүниетаным. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі тақырыптарныан түйген ойыңыз қандай?


ТАҚЫРЫП 3. Сана, рух және тіл


Дәрістің мақсаты: Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендерін талдау.

Жан, ақыл, парасат, рух. Антикалық философиясындағы рух пен парасаттың космологизмі. Фәлсафа дәстүріндегі рух ұғымы: Ибн-Сина рух туралы. Ортағасыр дәстүріндегі рух пен жанның теологиялық түсінігі. Сананың гносеологиялық моделдері. Жаңа заман философиясындағы тума идеялар концепциясы және cogito статусы. Неміс классикалық философиясындағы ақылдың транценденталдық негіздері. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері. Сананың қалыптасуын анықтайтын факторлар. Антропосоциогенез. Сананың шығу тегі мен мәні: негізгі концепциялар. Шығыс философиясындағы сана мәселесі. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары. Сананың сезімдік-перцептілік, эмоциялық, құндылықтық-мотивациялық, жігерлік, логикалық компоненттері. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг). Постмодернистік философиясындағы сана мәтін ретінде (Ж.Деррида, Ж.Делез). Сана және өзіндік сана. Қазақстандық тұлға санасының ашықтығы: әлемдік үдерістерді түсіну, өзгерістерге дайын болу, алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесінен үйренуге қабілеттілік. Сана және ұлттық сана-сезім. Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруы аясындағы ұлттық сана-сезім. Рухани жаңғыру – ұлттық сананың әртүрлі полюстерінің ымыраға келуі. Ойлау және тіл. М.Қашғаридің тіл философиясы. ХХ ғ. философиясының "лингвистикалық бұрылыс": сана философиясы тіл философиясы ретінде (аналитикалық және структуралистік интерпретациялары). Тіл және ұлт. Латын графикасына көшудің қазақ ұлты мен қазақ тілінің дамуындағы рөлі.


Жоспар:


  1. Жан, ақыл, парасат, рух.

  2. Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық.

  3. Бейсаналықтың философиядағы негізгі концепциялары (З.Фрейд, К.-Г.Юнг).


Жан, ақыл, парасат, рух.
Жан – адамның ішкі өмірі кеңістігінің тірі, әйел бөлігі. Бізді (және біздің ақыл-ойымызды) жылы етеді, ал денеміз тыныс алуда, тірі. Жан өмірдің энергиясын береді. Бұл ішкі сезімдер, тілектер, импульстар … Жан – ананың басы, тіршілік пен жылулық көзі, жеке көлденең.
Ақыл-ой – зияткерлік мазмұн. «Бас» деген синоним, жақын «саналы». Бұл менің басымда қалады – есімде, есімде. Жақсартылған ақыл – таза және толық – ақыл. Ақылынан айырылған ақымақ. Денеге өткен ақыл-ой дағдылар, шеберліктер. Ақыл-ой мен рух бірлігі – ақылды жан. Ақыл-ойдың жүрегіне мұқият болу керек, бірақ жүректің желісі ақыл-парасатпен толықтырылуы керек.
Шәкәрімнің үш анығы. Шәкәрім рух туралы. Рух және адамның рухани қызметінің табиғаты. Тәндік және руханилық.
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» атты фәлсафалық трактаты – отандық, гуманитарлық білім жүйесінде ерекше орын алатын шығарма. 
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» еңбегін жазуға ересен даярлықпен келген. Қазіргі біз білетін авторлардың еңбектерімен таныс болып қана қоймай, оларға талдау жасаған. 
Ол сол замандағы сөздіктермен энциклопедиялық еңбектерді пайда­ланған. Оның үстіне айтарым, Шәкәрім араб, парсы, түрік, тілдеріндегі шығар­малармен таныс болған.
Бұл тұста тағы бір ескертетін жайт, Шәкәрім үшін ғалымның атағы, оның кең танымалдығы басты мәселе емес, оның шындыққа жақындығы ғана қызықтырған. Ол «Үш анықта» бірде-бір автордың ығына жығылып, оның насихатшысына айналмаған. Шәкәрім сыншыл. Ол адамзаттың сонау Пифагор дәуірінен адасқандарына еш күмән келтірмейді. Біздің атақты деп жүргендеріміздің дені адасушылар. Біразы адасып жүріп жол табушылар, ал бір парасы адамзатты одан әрі адастырушылар. Білемін деп білмей сөйлеушілер, түсінемін деп түсініксіз кітап жазушылар. Жаратушының алғашқы білімін қиратушылар. Ақылдымын дегендер менмендікке салынып, адамзаттың алдағы замандарда ашар есіктерін жаптырушылар.
Шәкәрім осылардың бәрін білім, өзінің сау ақылына салып саралаған, сөйтіп өзінің кемел түйінін – «Үш анықты» баян еткен.
Неге Шәкәрім еңбегін «Үш анық» деп атаған. Сонда «анық» дегеніміз не? 
ХІХ жүз жылдықтың аяқ шенінде дүние өздігінен, жаратушы ие жоқ деген жол тұйыққа тірелді. Сол кезде позитивизм деген ағым пайда болды. 
Оның қалыптасуы негізінен француз Огюст Контқа қатысты айтылады, ол метафизиканы сынға алған. Ол кезде метафизика деп философияны айтатын. Конт позитивистік түйіндерді алты ғылымнан: математика, астрономия, физика, химия, биология және социологиядан тапты. Позитивизм кейінірек тарам-тарам болып бүгінге дейін жеткен. Шәкәрім осы позитивизм ағымымен таныс. 
Шәкәрім айтады: «Огюст Конт позитивизм (шын анық) деген бір жол шығарды. Оның қорытындысы мынау: көзіміз көріп, өзге сезімімізбен әбден анықталмаған һәм жаралыс жолы физика ғылымымен тексеріліп, шындығына көзіміз жетпеген нәрсеге әуре болмайық деген».
Шәкәрім позитивизмді қазақшаға «анық» деп аударған. Ұтымды аударма. Сонда не анық? Көзбен көріп, қолмен ұстап, құлақпен естіген анық па, әлде анық сыры өзгерісте ме? Өзгеріс анық, бірақ көзбен көріп тұрғаның анық па? Шәкәрім Контты сынайды: «Адамда жаралыс жолынан жоғары бір қуат барлығын сезетіндік бар болғандықтан, күн сайын бұрын сыры білінбеген нәрсе табылып, бұрын тіпті мүмкін емес дегендеріміз әншейін дағдылы нәрсе болып, оны күнде пайдаланып отырғандықтан, ол Конттың сөзіндей сөздер адамды жаралыс жолынан жоғары қуатты ойланудан тоқтата алмайды». 
Анық деген – жол таңдау. Адамзат адамдар жүретін жолда ма? Позитивистер адамзаттың адасуын айтуда. Өздерін анық жол көрсетушілер деп түсінген сыңайлы. Сондықтан олар «анықты» білушілерміз деген. Шәкәрім бұл оймен келіспейді. Ол «Қай жолдасың, айтшы сен?» деп басталатын өлеңінде «Өмір деген – ұйқы ғой, түс көргізбей қоя ма?» деген. 
Ұйықтап жүріп түс көргендер соны «анық» деуде. Бұл Шәкәрім сыны. Келіспесек, ояу жүргенімізді дәлелдеп көрейік. Ояу болсақ, неліктен ойсыздыққа жол береміз. Неліктен көпе-көрінеу теріс жолға түсеміз. Сонда ұйықтап өмір сүргеннен, ұйықтап жатып түс көргеніміз «анық» болғаны ма? Шәкәрім «анық» мәселесін мүлдем күрделендіріп жіберген. Ойласақ солай, ойламасақ бәрі көрген түстей ап-анық. 
Шәкәрім «анық» дегенді анықтай алмай қиналған, ол жоғарыда келтірген мәтінде «...ұйқыдағымыз, ояуымыз бірдей» – деген. Анықтың қолға ұстатпайтын шындық екеніне Шәкәрім грек ойшылы Платонның Үңгір философиясына сүйене айтқаны бар. 
«Баяғы Платон деген білгіш өзінің «Республика» деген кітабында Троглодит деген адамдар болыпты деп былай мысалдайды. Олар зындан сияқты бір қараңғы үңгірде өскен, өмірінде жарық көрмеген. Соның бірі әлдеқалай кез болып, үңгірдің аузын бекіткен есікке қақтығып, есік ашылып, тысқа шыққан. Басында көзі шағылысып түк көрмесе де, үйрене келе күнді, ағашты, суды, шөпті, тауды көріп қуанып, тамашалап, жолдастарына келіп айтса, мынау жынданған екен деп күлкі қылыпты. Әлгі байғұс анық көрген табиғат қасиеттерін айтпай тұра алмай, шын дей берген соң, аналар оны ұрып-соғып қойғызбақшы болады. Бірақ оларды сөгуге де болмайды. Себебі өмірінде ондайды көрген жоқ. Не барып олар да тексеріп көрген жоқ. Өйтіп сынап қараса, ана байғұсты сөкпес те еді. Сондықтан біз өмірімізде көргеніміз жоқ, ондайды білмейміз, біз білмеген соң ол айтқаның жоқ нәрсе дейді де қояды. Оған лажың не?» Шәкәрім заманында философ, ойшыл, данышпан дегендер дүние туралы айтқандары бұлдырлай берді. Түсінікті-ау дегендерді терістеп түсініксіздікке айналдыра бастаған философтар қалыптасты. Ақыл сенбейтін сөздер көбейді. Осы жағдайда позитивизм ағымы қоғамдық талқыға түсе бастады. Оның объективтік негізі Батыс Еуропада нарық және нарықтық қатынастар нығая бастауында еді. Нарыққа дерексіз философияның қажеті шамалы. Америка Құрама Штаттары өңірінде позитивизмнің өзге түрі «прагматизм» өмірге келіп, күш алды. 
Қара сөзбен жазған «Үш анық» толымды, мағынасы терең шығарма. Қазақ ғылымында мұндай шығарма Шәкәрімге дейін жазылмаған. Әрине, есімізге хакім Абайдың қара сөздері, әсіресе отыз сегізінші сөзі оралады. Шәкәрімнің «Үш анығының» ерекшелігі, ол өзі ғұмыр кешіп отырған замандағы ғылымның, техниканың, философияның, діни, өзге де қоғамдық ғылымға қатысты ілім, теория, жаңалық деректерді және иррационалдық: спиритизм, телепатия, т.б. сол кезде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты қап­таған ақпараттарды талқыға салған. Осылардың анық-қанығына толыққанды шолу жасаған.
Шәкәрім «Үш анықта» саясат жағына бармай-ақ анықтың ғылымдық, дүниетанымдық, философиялық мәселелеріне талдау жасаған. Шәкәрім ғылымға арқа сүйеген. Ол заманда атом бөлініп, ғылым, техника жаңалықтары қауырт шыға бастаған кез. Нарық және нарықтық қатынастар өріс ала бастаған. Нарыққа ғылыми жаңалық, технология қажет. Яғни, ойлау жүйесі де нарыққа сай болуы – табиғи үйлесімдік. Осы халге орай, Батыс Еуропада позитивистік идеялар өріс ала бастады. Қазақшалап айтсақ, олар анық идеялар, бірақ дүниетанымдық, философиялық жағы қалай болмақ дегенге Шәкәрім жауап іздеп, анық деген тек физикалық нәрселер емес, анық деген ой анығы деген. Огюст Конттың позитивизмі (анығы) Шәкәрім, сау ақылына келмейтін, сыймайтын жай екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет