Пәні бойынша дәріс тезистері тақырып 1 Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



бет9/41
Дата26.10.2023
өлшемі167,79 Kb.
#188456
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Философия лекции 2023

Симулякр (фр. simulacres, лат. simulacrum — бейне, ұқсастық, көруге мүмкіншілік) — категориялық-ұғымдық қатардан тыс назар аударуға орналасқан тəжірибе құралдарын көрсетуге арналған постмодернизм философиясының термині. Ертеректе Платонда симулякр «көшірменің көшірмесі» болып берілген. Постмодернизмнің философиялық айналымына Ж.Батай енгізді, кейінірек П.Клоссовский, Ж.Бодрийяр, Ж.Делез, Ж.Деррида жəне т.б. ғалымдар толықтай түсіндірді [6; 550].
Мінез дағдарысы, фантастикаға құмарлық постмодернизмде симулякр теориясын тудырды. Симулякр (фр.) — стереотип, бос таңба (пустой знак). Постмодернистік эстетикада симулякр классикалық эстетика жүйесіндегі көркем бейнеге жатады. Егер бейнеде (көшірме) түпнұсқамен ұқсастық болса, онда симулякр өзінің бастапқы шығу көзінен анағұрлым алшақ болады. Жиль Делез симулякрды түпнұсқаны да, көшірмені де теріске шығаратын белгі ретінде қарастырады. Ж.Бодрийяр симулякрді «агониядағы шындықты» постшындықпен, болмағанды болған ретінде көрсететін нақты жəне бейнеленуі тиіс нəрсенің (заттың) арасында айырманы жоятын симуляция деп анықтайды. Ж.Делез симулякрдегі «бейненің (көшірме) сəйкестігі жəне көшірменің ұқсастығы адастырады» десе, осы концепцияда Ф.Джеймисон «анық көшірме оның түпнұсқасы ешқашан болмайды» деп анықтайды.
Ж.Делездің ойынша, симулякр платондық идеяны қайта түсіндіреді («заттар» «көшірмемен» енеді, одан біршама ерекшеленетін бастапқы «идеямен барынша ұқсас»): «Симулякр — əр түрлі айырмашылықтың өзі əр түрлі құралдар арқылы түрлі жолда тоғысатын жүйе», — дейді [6; 552].
Постмодернизмде симулякр құрылымсызданған (Ж.Делез түсінігінше, «дионисийская машина») бытыраңқылық позициясы ретінде енеді. Оларды логос емес логоцентризм теріске шығарады; адамдардың көзқарасында қалыптасқан ұғымды ақиқат деп көрсетуге бірде бір рет мүмкіндік бермейді; «ортаның назарын жаңалау» (Делез) біршама қиындық тудырады, ал негізі жаңа метанаррацияға бұрынғы «ақиқатын» айырбастау. Ж.Делез бойынша, симулякр жұмысы креативті бытыраңқылықты туындатады жəне дивергенция мен децентрацияны бекітеді. Ж.Делездің ойынша, егер қайталауды көшірме ретінде түсінетін болсақ, онда барлық көшірме мен үлгілерді қайта қарау керек, өйткені симулякрға «көшірме болу тəн емес», — дейді. Демек, Ж.Делездің пікіріне сүйенетін болсақ, симулякр алуан түрлі белгісіз объектілерді сол кезде таңдай алса да өзінің мазмұнын шексіз дамытуы мүмкін.
Жалпы алғанда симулякр — болмайтын ақиқаттық бейне, түпнұсқадан айырылған шындыққа ұқсас үйлестік, артында қандай да бір ақиқат тұрмайтын объект. В.Пелевиннің «Чапаев и Пустота» романында дүниедегі маңызды шындыққа қол жеткізудің жолын түбегейлі өзгерткен əрекеті өзі үшін «толығымен бос» белгі болып танылады.
Постмодернизмнің шаршағандығы. «Постструктурализмнің эволюциялық көп жылдық қорытындысы жаңа заманғы сыншылардың белгілі постструктуралистік догманың негізгі теориялық ережелерінен шаршағандығын көрсетті», — дейді белгілі ғалым И.Ильин [7]. Мысалы, 1980 жылдардың аяғынан бастап-ақ көптеген постмодернистердің «автор өлімі» тұжырымдамасынан шегінуі белгіленді (М.Фуко «Пользование наслаждением и Забота о себе», 1984; Ж.Деррида «Психея: Изобретение другого», 1987 жəне т.б.). Постмодернизмнің атақты теоретиктері Ж.-Ф.Лиотар мен Ж.Бодрийярдің өздері де осы кезде постмодернистік канонды қайта қарап шықты. Ж.Бодрийяр ХХ ғасыр мəдениетін ұйқыға кеткен күзгі шыбынмен салыстыра отырып, деградацияның əлсіреуін,
«сахнадан кету» қаупін симулякр эстетикасында көрсетеді. Ж.Дерридаға келетін болсақ, постструктурализмнің басқа апостолдарына қарағанда оған құндылық қағидаларының «революциялық» бұзылуы əрқашан жат болды. Тарихи тəжірибеде тұрақты мəдениеттің белгілі құндылықтар жүйесінен тыс əрекет етуінің мүмкін еместігі туралы айтылса да, көптеген зерттеушілер постмодернизмді жаңа мəдени кезеңге ауысу сатысы ретінде қарастырып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет