Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
5В020500 «Қазақ филологиясы» мамандығының студенттеріне арналған
«Орыс әдебиетінің тарихы»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 «Қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған «Орыс әдебиетінің тарихы»
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013ж. «___»______ №_____ Хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ Жүсіпов Н.Қ. 2013ж. «____» ________
(қолы) (аты-жөні)
Гуманитарлық-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013ж. «_____»______ №____ Хаттама
ОӘК төрағасы ___________ Ксембаева С.К. 2013ж. «___» _____
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Орыс әдебиетінің тарихы»
Кредит саны және оқу мерзімі
Барлығы – 3 кредит
Курс: 3
Семестр: 6
Аудиториялық сабақтар – 45 сағат
Дәрістер – 30 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СОӨЖ – 22,5
Соның ішінде СӨЖ – 90
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 135 сағат
Бақылау формасы
Емтихан – 6 семестр
Пререквизиттер
Әдебиеттану ғылымына кіріспе
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы
Постреквизиттер
Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы
Қазіргі қазақ әдебиеті
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Муталиева Раушан Мамырқызы
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доцент
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 356 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 356 кабинет
2 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән нысаны: Орыс әдебиетінің тарихы
Пәнді оқыту мақсаты: Орыс әдебиетінің классикалық туындыларын идеялық-көркемдік жағынан талдау, қазақ әдебиетімен салыстыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
- Ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы;
- шығармаларға идеялық-көркемдік талдау жасауды білуі;
- ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы;
- өлеңдерге, поэмаларға, романдарға, драмаларға талдау жасау бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.
3 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:
Орыс әдебиетіндегі ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы;
білуі тиіс:
Орыс әдебиетіндегі көркем шығармаларды теориялық тұрғыда талдау талаптарын;
дағды мен икемділігі:
ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы;
қолдана білуі:
орыс әдебиеті тарихын бағыт, ағымдарға қарай анықтап, стильдік ерекшеліктерді айқындай білу;
құзыреттілігі:
Әдебиет пен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға, әрі әдеби үрдістің құбылыстарына сыни баға беру.
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№ р/с
|
Тақырып атауы
|
Сабақ түрлері бойынша дәрісханалық сағаттар саны
|
СӨЖ
|
дәрістер
|
Практикалық
(семинар)
|
Барлығы
|
оның ішінде СОӨЖ
|
1
|
1-тақырып.
М.В. Ломоносовтың әдеби мұрасы.
|
1
|
1
|
9
|
2
|
2
|
2-тақырып. И.А. Крылов мысалдары.
|
2
|
1
|
9
|
2
|
3
|
3-тақырып. А.С. Пушкиннің шығармашылығы.
|
4
|
3
|
9
|
2
|
4
|
4-тақырып. Лермонтовтың әдеби мұрасы
|
1
|
1
|
9
|
2
|
|
5
|
5-тақырып. Гоголь шығармашылығы.
|
3
|
2
|
9
|
2
|
6
|
6-тақырып. Достоевский шығармалары
|
5
|
1
|
9
|
2
|
7
|
7-тақырып. Л.Н. Толстой шығармашылығы
|
5
|
3
|
9
|
2
|
8
|
8-тақырып. Чехов әңгімелері
|
3
|
1
|
9
|
2,5
|
9
|
9-тақырып. М. Горький шығармашылығы.
|
3
|
1
|
9
|
2
|
10
|
10-тақырып. Есениннің әдеби мұрасы.
|
3
|
1
|
9
|
2
|
|
Барлығы:135 (3 кредит)
|
30
|
15
|
90
|
22,5
|
6 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып М.В. Ломоносовтың әдеби мұрасы.
Жоспар:
1. Өмірі, қызметі
Ресей ғылымы мен ағарту ісін дамыту үшін ғұлама орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың қызметінің мәні ерекше болды. Шаруа-теңізшінің баласы, ол сауатын ерте ашты. Сол кездегі басқа орыс балалары сияқты ол білімін оқуын діни кітаптарды оқудан бастады, оның алғашқы оқыған кітаптары Смотрицкийдің гармматика оқулығы мен Магницкийдің арифметикасы болды.
Ол онтоғыз жасында Москваға жаяу келіп, өзінің шыққан тегін жасырып, Славян-грек-латын академиясына оқуға түседі. Ломоносовтың дара қабілеттілігі, ерекше еңбек-сүйгіштігі және тез қалыптасқан жетістіктері Академия басшыларының оған көңіл аударуына себепші болады. 1736 жылы ол 12 үздік шәкірттің бірі болып Петербургке жіберіледі, содан кейін білімін жалғастыру үшін шетелге жіберіледі.
1741 жылдан М.В.Ломоносовтың белсенді, ерекше жемісті, жан-жақты ғылыми және ағартушылық қызметі басталады. 1745 жылы Петербург Ғылым академиясының химия профессоры болып тағайындалады, кейіннен академик болып сайланады. Ломоносов Ресейде көптеген ғылымның негізін қалады. Оның жан-жақты ғұламалығы туралы А.С.Пушкин өте орынды баға берді: “Ғажайып күш-жігерді, ғажайып ғұламалықпен ұштастыра отырып, Ломоносов ағарту ісінің барлық саласын татты. Ғылымға деген шөлдеу жан дүниесінің күшті құмарлығы еді. Тарихшы, шешен, механик, химик, минералог, суретші және өлеңші – ол бәрін сынап көрді, бәріне бойлай білді”.
Ломоносов философиялық материализм негізінде құрылған орыс классикалық философиясының Ресейдегі ғылыми жаратылыстанудың негізін салды. Ол бірінші рет әлемдік ғылым тарихында табиғаттың негізгі заңы – материямен қозғалыстың сақталу заңының бірден-бір толық және дәл анықтамасын берді.
М.В.Ломоносовтың ғылымға сіңірген еңбегін европа ғалымдарының – замандастарының мойындауының объективтік дәлелі болып табылатын оның швеция академиясын құрметті мүшесі (1760ж) және Балон академиясының құрметті мүшесі (1763ж) сайлануы, ал француз ғалымы Н.Леклерктің мойындауынша М.В.Ломоносовтың есімі “адамзат ақыл-ойының жинамасында бір дәуірді құрайды” деп жоғары баға берген болатын-ды.
Орыс ғалымы мен ағарту ісінің жалынды жаршысы, Ломоносов орыс ғылымын дамытуға және отандық ғылыми кадрларды даярлауға қарсы болған реакционерлермен белсенді күрес жүргізді. Ол қарапайым адамдар үшін университеттерге еркін түсе алатын болуы керектігін талап етті, текке бөлінбейтін мектептер ашуға тоқталды.
Ломоносовтың айтуынша, жоғары мектептің өзінің “регламенті” (жарғысы) болуы керек деді. Жоғары мектепке еркіндік және жеңілдіктер берілуі қажет.
М.В.Ломоносовтың ұсынысымен және оның жобасымен 1755 жылы Москва университеті ашылды. Үкімет басындағылар университетті чиновниктер даярлайтын және тек ғана дворяндарға түсуге мүмкіншілік беретін оқу орны ретінде ашуды көздегеніне қарамастан, Ломоносов университетті ұйымдастырудың өз жобасын өткізді, яғни ғылымға қабілетті барлық адамдарға бірдей есіктің ашық болатындығын іске асырды.
Жоғары мектептер үшін Ломоносовтың оқу құралдары мен оқулықтар жасауда еңбегі ұшан – теңіз.
“Экспериментальдық физика” (латын тілінен аударылған), Риторика “Ресей грамматикасы” – орыс тілінің бірінші ғылыми грамматикасы болды. “Ресей грамматикасымен” орыстың көптеген зиялыларының бірнеше ұрпақтары оқыған болатын.