Пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Дәріс №14. Нұсқағыштар және адрестер



бет51/111
Дата11.09.2020
өлшемі1,21 Mb.
#77805
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111
Байланысты:
UMK Ci tilinde programmalau (1)

Дәріс №14. Нұсқағыштар және адрестер
Нұсқағыштарды түсіну және оларды орынды, дұрыс пайдалана білу «жақсы» программа жазуға маңызды құрал. Нұсқағыштарды пайдаланып жазған программалар қысқа және нәтижелі болады. Нұсқағыштар функцияларды нәтижелі, табысты пайдалануға және компьютер жадын тиімді үлестіруге қажет. Сонымен қатар кейбір жағдайларда тіпті нұсқағышсыз программаны әрі қарай жазу мүмкін болмай қалады.

Нұсқағыш дегеніміз кейбір айнымалыға арналған жад ұяшығының адресін ( нөмерін) символдық түрдегі көрсетілімі. Оның мәні ЭЕМ-ның жедел жадының адресі болатын-айнымалы (айнымалының адресі болатын айнымалы). Нұсқағыш жадтың атаулы облысы болғандықтан ол объект құқына ие: оның адресі, ұзындығы және мәні болады. ЭЕМ-нің жедел жадын біртіндеп ретімен нөмерленген немесе адрестелген ұяшықтардан тұратын жиым (массив) деп қарауға болады. Оның әрбір ұяшығына жеке қатнап, жұмыс жасауға болады. Кезкелген компьютерде жад ақпараттық биттер жиынтығы: 1 байт(8 бит) char типті айнымалының мәнін сақтай алады: 2 байттық (6 бит) ұяшық short типті бүтін (сөз); 4-байттық ( 32 бит) ұяшық long типті бүтін (ұзын сөз ) сандарды сақтай алады. Байттың 0,1,2,3,… нөмерлері оның адрестері деп аталады. Егер p кейбір байттың адресі болса( оның1-ші битінің нөмері), онда (p-1) оның алдындаңы, ал (p+1) одан кейінгі байт адрестері. Екі байттық ұяшықтар (сөз) адрестері 0,2,4,6,…, ал, 4 байттық ұяшықтар( ұзын сөздер) адрестері 0,4,8,12,… болады. Нұсқағыш кейбір байттың адресі болғандықтан нұсқағыш мәнін өзгертіп жадтағы әртүрлі деректерге адрестер бойынша қатнауға болады. Кейбір айнымалыға бөлінген жад облысының адресін сақтауға арналған айнымалы нұсқағыш айнымалы, ал жедел жадтың адресінің мәні- нұсқағыш-тұрақты деп аталады. Нұсқағыштардың екі түрі болады: объектіге (тұрақтыға, айнымалыға, жиымға, жолға, құрылымға, бірігулерге, класстарға, басқа нұсқағыштарға) нұсқағыштар және функцияға нұсқағыштар. Қарапайым жағдайда нұсқағыш-айнымалы болса оны алдын ала хабарлау керек. Нұсқағыштарды хабарлау пішімі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет