< тип> * < айнымалы>;
мұнда < тип>- нұсқағыштың сілтейтін( адрестейтін) объекттің типін анықтайтын базалық типтің бірі , басқаша айтқанда нұсқағыш-айнымалының адресіндегі деректің типі ; *(жұлдызша) - таңбасы, одан кейінгі айнымалы нұсқағыш болатынының белгісі; < айнымалы> - нұсқағыш атауы. Мысалы,
сhar * ch;
int * tp,i,*j;
float *pf,fp;
мұнда ch, tp,j,pf нұсқағыштары хабарланған : ch – нұсқағыш-айнымалы типі сhar символға , жолға ( символдар жиымы) нұсқайды; tp- нұсқағыш-айнымалы типі int бүтінге нұсқайды; pf-типі float нақты (бөлшекке) нұсқайды, ал i айнымалысының типі int, fp айнымалысының типі float. Нұсқағыштарды хабарлау пішмінде <тип> программистің өзі анықтайтын туынды типте болуы мүмкін. Берілген нұсқағыштың сілтейтін айнымалысы жадтан қанша байт орын алатындығы базалық типке байланысты. Егер нұсқағыш сhar типті айнымалыға сілтесе, онда оның мәні символ және ол жадтан 1 байт, int типті айнымалы мәні-бүтін сан және жадтан 2 байт орын алатын сияқты нұсқағыш типті айнымалы мәні кейбір шаманың адресі болатын бүтін сан( жадтағы биттер жиынтығы-16 санау жүйесінде). Бірақ, нұсқағыш бүтін типті айнымалы немесе тұрақты деп қарауға болмайды. Жоғарыдағы хабарлаулар ch, tp, j, pf нұсқағыш айнымалыларына жадтан орын бөлінеді, бірақ олар әзір ештеңеге нұсқамай ды. Енді нұсқағыштарға кейбір объект адресін меншіктеп, оларды программада пайдалануға болады. pf айнымалысына ch үяшығының адресін меншіктеу операторы немесе pf айнымалысы ch айнымалысына нұсқайды деген:
Достарыңызбен бөлісу: |