Тақырыбы: Жолдарды өңдеу функциялары мен процедураларын қолданып бағдарлама құру
Тапсырмалар. n натурал саны және s1,s2 ,…,sn символдар тізбегі (жолы) берілген.
Тізбектен ағылшынның бас әріптерін алып тастаңыз;
Тізбектен барлық цифрларды алып тастаңыз;
Тізбекте ағылшынның бас әріптерін ғана қалдырып, өзге символдарды алып тастаңыз;
Тізбектен амал таңбаларын (+,-,*,/) алып тастаңыз;
Тізбектегі жай жақшаларды тік жақшалармен алмастырыңыз;
Тізбекте үтір немесе нүктеден кейін үзік жоқ болса, үзік енгізіңіз;
Тізбектегі символдарды ASCII-кодтарын көрсетіңіз;
Тізбекте қатар тұрған бірдей символдар болса, онда олардың біреуін ғана қалдырып өзгелерін алып тастаңыз;
Тізбекте xyz символдар тобы кездессе, оларды түгел алып тастаңыз;
Тізбекте қатар тұрған бірдей символдардың ең үлкен санын анықтаңыз;
Әртүрлі символдар ғана қалатын етіп тізбекті түрлендіріңіз;
Тізбектен қайталанатын символдардың барлығын алып тастаңыз.
Тізбектегі сөздер санын есептеңіз;
Берілген мәтіннің сөздері бір-бірінен бірнеше бос орын таңбасымен бөлініп жазылған, сол сөздердің арасына тек бір бос орын таңбасын қалдырып, қайта жазып шығыңдар.
Берілген мәтін сөздерінде ең көп кездесетін әріпті табыңдар.