Пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет3/111
Дата11.09.2020
өлшемі1,21 Mb.
#77805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111
Байланысты:
UMK Ci tilinde programmalau (1)

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәннің мақсаты

  • Си программалау тілін мамандандырылған программист деңгейінде үйрену және оны тәжірибелік тұрғыда қолдану;

  • Си программалау тілін және программалау әдістемесін үйренуді күрделі есептер шығару арқылы бекіту.

Курстың негізгі міндеттері:

  • Есепті шығарудың негізгі кезеңдерімен таныстыру

  • Алгоритмдеу теориясын терең меңгерту

  • Программалаудың негізгі кезеңдерімен таныстыру

  • Жоғарғы деңгейлі Си программалау тілін меңгерту

  • Программалау құрылымымен таныстыру.

Курсты оқу барысында білімгерлер:

  • Алгоритмдік программалау тілінде программа құру технологиясымен, күрделі алгоритмдермен және оларды қолдану аймағымен танысуы;

  • программалық модулдерді өңдеу әдістерін, сонымен қатар жоғарғы деңгейлі Си тілінде күрделі программалық кешендерді құру технологиясын білуі;

  • Жүйелік программа құрудың негізгі әдіс-тәсілдерін білуі

  • оқу, анықтамалық және ғылыми әдебиеттерді еркін қолдануды, компьютердің жаңа программалық жабдықтарымен және Си интегралды программалау ортасымен жұмыс істеуді үйренуі қажет.


ПӘН МАЗМҰНЫ
Си тілінің алфавиті, сөздік қоры, грамматикасы, синтаксисі және семантикасы. Синтаксистік және семантикалық ережелер: операторлар, идентифи каторлар, айнымалылар, функция мен процедуралар, модульдер және т.б. СИ программалау тілінің грамматика мен семантика ережелері, тұжырымдары. “Жоғары деңгейлі ” деп мазмұнды, қолданбалы есептерді шешуге арналған, ұлғайтылған командалары бар, кәдімгі тілдерге ұқсайтын программалау тілі.

Жоғары деңгейлі программалардың артықшылығы:



  • Машиналық тілге қарағанда тілдің алфавиті кеңірек, сондықтан оның мазмұны анық, түсінікті және көрнекті;

  • машиналық операцияға тәуелді емес қолданысқа қажетті операциялар жиынтығы бар;

  • командалар құрылысы берілгендерді мазмұнды түрде өңдейді және адамға ыңғайлы түрде көрсетеді;

  • айнымалылар аппараты қолданылады;

  • берілгендер типі кең көлемде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   111




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет