Пәні: Әдебиет Пән мұғалімі



Дата26.06.2018
өлшемі49 Kb.
#44375




Пәні: Әдебиет







Пән мұғалімі:

Рахимбердина Қымбат Бисенгалиевна




Мектебі:

№ 32 жалпы білім беретін орта мектебі




Тақырыбы:

М. Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы, кейіпкерлері




Мақсаты: 1.»Батыр Баян» поэмасынан алған білімін жинақтау, тақырыбы мен идеясын ашу,кейіпкерлер бейнесін талдау.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3.Отанын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу, ерлік пен елдік адамгершілік қасиеттерін дамыту.





Күтілетін нәтиже:

»Батыр Баян» поэмасынан алған білімі бойынша тақырыбы мен идеясын ашады,оқыған шығармасы бойынша өз ойларын айта алады,кейіпкерлер бейнесін талдай алады.Өзара бағалауға үйренеді.





Керекті жабдықтар:

Оқулық, нұсқаулық,ресурс парақтары, Мағжан туралы слайд,»Батыр Баян» киносынан үзінді, ,»Батыр Баян» поэмасының аудиожазбасы, хрестоматия,қосымша материалдар мен буклеттер, кесте, жұмыс дәптері,топшамалар, интерактивті тақта




Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Тұсау-


кесер


Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір біріне жақсы тілектерін айтады. ( Ақынның поэмасындағы кейіпкерлері арқылы арқылы топқа бөлу) Топтардың атауы:

І топ: « Абылай»

ІІ топ: «Баян»

III топ: «Ноян»

Оқушылардың көңіл -күйлері сұралады.

Топ ережесін құрады, топ басшысын сайлайды.Топ басшысына бағалау парақшасы таратылып, беріледі. Бағалау парағына балдармен белгілеп отыру тапсырылды

2 минут

Оқушылар назарын экранға аудару



«Батыр Баян» кинофильмінен үзінді

Қазақтың қасиетті даласы талай ұлы ғұламаларды, ақындарды, би-шешендерді, батырларды, талантты дарындарды дүниеге әкелді. Елі сүйген, елін сүйген Мағжан ақынның тамаша поэмасы – «Батыр Баян». Бұл поэманың мазмұнымен өткен сабақта таныс болдық.Олай болса,балалар, ХІХ ғасырда өмір сүрген әдебиет өкілі Мағжанның шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі сабағымызда поэмасын талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.



Үй жұмысын тексеру
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы. (Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Мағжанның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы айту)

1- топ «Өмірдерек»

Оқулықпен, ресурстармен жұмыс

1) Кітапты пайдалана отырып, хронологиялық кестені толтырту




Уақыт

Іс-әрекет

1893 жыл

Солтүстік Қазақстан облысы,Сасықкөл деген жерде дүниеге келген

1897 жыл

Әкесі Бекеннің арнап ашқан мектебінде 4- жасынан оқып, білім алады.Қызылжар мектебінде оқып, араб,парсы, түрік тілдерін меңгереді.

1910 – 1912 жыл

Уфадағы Ғалия медресесіне түседі.

1913-1917 жыл

Омбы қаласында мұғалімдер семинария

сында оқиды.



1927 жыл

Мәскеуде Көркем әдебиет институтында

Оқиды.


1929 жыл

Карелия жеріне аударылады.

1936 жыл

Жер аударудан босанып, елге келеді.

1937 жыл

1938 жыл


Қайтадан қамауға алынады.

Жазықсыздан -жазықсыз атылады.




2- топ «Поэманың мазмұны,тақырыбы, идеясы»

XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды:

  • Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспа-ғы елді қатты күйзеліске ұшыратты.

  • 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты.

  • Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қа-сына батырларды жинаған ер Абылай болды.

  • Жастайынан жорықтарға қатысып, ерлі-гінің арқасында елдің айбатты арыста-нына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді.

  • Абылайдың төңірегінде халықтың ба-тырлары шоғырланған болатын.Абы-лай жинаған батырлар ішінде Кара Ке-рей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Сағынбай Сары, Баян менсынды ел ардақтыла-ры болатын. Бүкіл өмірін қазақ жұрты-ның тәуелсіздігі жолындағы күреске ар-наған сондай ер жүрек ардагерлердің бірі –Баян Қосаболатұлы (1710-1757). Батырлығымен, тапқырлығымен Абы-лай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқасына қатысып, көр-сеткен ерлігі үшін Баян батыр атанған.

Поэманың мазмұны: Абылай бастаған батырлар қазақ-қалмақ шай-қасынан олжалы оралады. Баян батыр елге жал-ғыз қайтпай, қалмақтың он төрт жасар Толқын-шаш деген аруын ала келеді. Баян қызды жар ет-кісі келеді, бірақ қыз көнбеген соң, амалы құры-ған Баян қызға аға боп қалуға мәжбүр болады. Толқыншаш Баянның он бес ждасар інісі Ноянға қызығады, Ноян да қызға ғашық болады. Екеуі қосылмақ болады, осы сәтті пайдаланып, қыз жігітті өзімен бірге қалмақ еліне баруға үгіттейді. Махаббатқа берілген жас Ноян келісіп, қызға еріп, өз елінен қашады. Ноян мен Толқыншаш-тың қашып кеткенін естіген Баян батыр оларды «Жолды өзек» деген жерде қуып ждетіп, екеуін де садақпен жайратып салады. Содан соң өзегін өкініш пен күйініш өртеген Батыр Баян Көкшетаудағы Ақ ордасында өзін күтіп отырған Абылайға оралады. Батыр қалмақтармен соғыста ерлік көрсетіп, жауды жуадай жапырады. Өзі де жау найзасынан қаза табады.

Тақырыбы: XVIII ғасырдағы жаугершілік замандағы тәуел-сіздік үшін күрес кезіндегі қазақи рух пен жігер.

Идеясы: Тарихи оқиғаны суреттеу арқылы қазақ халқының , ерлік пен бірліктің туын ұстаған тұлғаларының ерлігі мен еркіндікті аңсаған арман-мұратын таныту.

«Батыр Баян» поэмасынан үзінді жатқа оқу.

3- топ « Поэманың көркемдік ерекшелігі»

Эпитетттер:                сұм өмір, қу өмір, қыран көз, сұм садақ.

                                      Жүрегім, мен зарлымын, жаралыға,

                                      Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Теңеу:                  ертегідей, қойдай өрген, Меккедей, жолбарыстай.

                                       Дауылдай талмай есіп, желдей ұшып,

                                       Түс ауа Жолдыөзекке жетіп қалды.

Метафора:               өмір абақты, сөз сиқыр, Сарыарқа – сары дария, екі от –                     орыс, қытай .

                                  Сарыарқа – сары дария, қиыры жоқ

                                  Көз болсын, қандай қыран, талады да.

Сұрай арнау: Сұм өмір күшті уын аяды ма?

                           Қозымды қас дұшпандай қуды неге?



Жер-су аттары: Көкшетау, Сарыарқа, Бурабай, Жолдыөзек, Аягөз, Қаратал, Кеңес, Текес. 7 минут

Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді.
Көңіл күйлерін смайликтер арқылы береді.

Аудиожазба


«Ойлан,жұптастоптас» әдісі


Топ басшысы тексереді,

бағалау парақшасы

на бағалайды..


Негізгі бөлім

Оқулықпен, ресурс парақтарымен жұмыс.

Тақырыпты поэма бойынша берілген тапсырмалар бойынша бойынша түсіндіреді. 15 минут.



Топтық жұмыс (Дәптерлеріне жазады)

« Абылай»тобына: Оқушыларға мәтіннен үзінді келтіріп, сол үзінді неліктен ұнағандығына түсініктеме жаздырту. Үзінділерден жатқа айту.

Поэманың ұнаған тұсы

Өз пікірім











«Баян» тобына: Баян бейнесі

«Ноян» тобына »Кейіпкерлер стратегиясы» Кейіпкерлер бейнесін кесте арқылы жинақтау.


Кейіпкерлер аты

Мінезі, портреті

Іс -әрекеті

Баян

Ержүрек, қайсар

Хас батыр

Ноян

жас,батыр

Аңғал,сенгіш

Қалмақ қызы

әдемі,өте жас




Абылай

Ақылды, дана, парасатты

Халықтың қамқоры,қорғаны бола білген.





Топ басшыларына бағалау парағына балдармен белгілеп отыру тапсырылды.

3мин

Сұрақтар бола ма? Айтылмаған мәлімет бар ма?

Қосымша мәліметтер ( Мағжан туралы) слайд көрсетіледі. 2мин



тақырып бойынша оқушылар түсінгендерін түртіп алып отырады, түсініксіз жерлерін айқындайды, жауабын постерге түсіреді.Жоба қорғайды.

«Қол белгісі» әдісімен бағалайды.





Қоры-

тынды


Тест сұрақтары

1. М.Жұмабаев қай жылдары өмір сүрді ?

А. 1893-1938

Ә. 1845-1904

Б. 1897-1961

2. М. Жұмабаевтың өлеңін атаңыз.

А. Жастықтың оты жалындап.

Ә. Түркістан

Б. Жастарға.

3. “ Батыр Баян” жырында қай кезеңдегі тарихи оқиғаны баяндаған?

А. XVII-XVIIIғ. Қазақ пен қалмақ арасындағы жауынгершілік заманда болған оқиға

Ә. Ұлы Отан соғысы кезіндегі оқиға

Б. Тарихи оқиғаға құрылмаған

4. Баян қандай бейне?

А. Тарихи бейне;  Ә. Трагедиялық;  Б. Екеуі де

7 мин


Топ мүшелері жауап береді.

Үйге тапсырма

Бағалау

Кері байланыс



Рефлексия

Мағжан поэзиясының шыңы- »Батыр Баян» поэмасы.Поэма аса көркем деңгейде ерекше шабытпен жазылған.Жан күйзелесі, сезім, батырлық пен махаббат дастанда жыр болып өріледі.Екі тараудан тұрады.

Халықтың ерік-жігерінің тастүйін бірлігі Абылай ханның бір басында бейнеленді. Батырларымен тізе қосып, қаһармандықтың тамаша үлгілерін көрсеткен, сөйтіп халықтың ұйтқысы болған Абылай ханның ерліктері сонау қатал заманда қазақ рухын қайта түлетудің бір алтын діңгегіне айналды. 

(Н. Ә. Назарбаев)

Батыр Баян – халқы ардақтаған, ел қорғаған батырларымен бірігіп, қазақ халқының туын жықпай, тәуелсіздік үшін болған талай қан майданда ерлік көрсеткен еліміздің хас батырының бірі.



»Батыр Баян» поэмасын оқу, үзінді жаттау.Сөздікпен жұмыс.

Шығармашылық тапсырма: ұнаған кейіпкерге хат жазу.Кері қайту

Оқушылардың өзін –өзі бағалауы бойынша топ басшылары бағалау парағын жинап береді. 2 мин



Бір минуттық эссе

Бүгінгі білгеннің ең маңыздысы

Қай сұрақ сен үшін түсініксіз?



Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Топ басшылары бағалайды.
.

Кері байланыс парағы



Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет