Пәні: әдебиеттік оқу Апталық жүктемесі



бет1/4
Дата05.11.2016
өлшемі0,58 Mb.
#528
түріОқулық
  1   2   3   4
Пәні: әдебиеттік оқу

Апталық жүктемесі: 4 сағат



Сынып



Пән

Жылдық сағат

Бірінші жарты жылдық сағаты

Екінші жарты жылдық сағаты

4 «А»

Әдебиеттік оқу

136

64

72


Жоспарлау негізінде құрастырылған құжаттар аты.


  1. Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 23.08.2012 ж № 1080 қаулысымен бекітілген.

  2. Қ.Р. Білім және ғылым министрінің 3.04.2013ж №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары

  3. Әдістемелік нұсқау хат 2015 ж

  4. Жалпы білім беретін мектептің 4- сыныптарына арналған оқулықтары, оқу-әдістемеліктері

Оқулық авторлары : С.Рахметова, Т.Әбдікәрім, Р.Базарбекова Алматы «Атамұра» 2015жыл (4-басылымы, өңделген)

Бастауыш білім берудің деңгейінің

2-4-сыныптары үшін «Әдебиеттік оқу» пәнінен типтік

оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
1. Түсінік хат


  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. «Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді. Адамның ішкі рухани жан дүниесі байлығын ашуға, адамгершілікке тәрбиелеуге, тілі мен қиялын дамытуға мүмкіндік береді.

  3. Пәнінің мақсатыдұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

  4. Пәнінің міндеттері:

    1. оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп) жетілдіру;

    2. ауыз әдебиетінің жанрларымен, отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;

    3. ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын, басты кейіпкерлерін және негізгі мазмұнын айқындау;

    4. талданып отырған мәтіннің жанрлық сипатын анықтау;

    5. әдеби-теориялық білім негіздерін қалыптастыру;

    6. адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;

    7. оқылған шығарма сюжеті ізімен немесе еркін тақырыпта әртүрлі әдеби шығармашылық жұмыс түрлерін (өлең, әңгіме құрастыру, мәтінді сахналау, мәтін бойынша сурет салу, мақала жазу, шағын үзіндіге сценарий жазу т.б.) орындауға машықтандыру;

    8. әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде еркін сөйлеуді меңгерту;

    9. тұлғалық оқырмандық мәдениетін қалыптастыруда ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу, өз ойын анық (тіл байлығын арттыра отырып), нақты баяндау білігі мен дағдысын қалыптастыру;

    10. кітап және анықтамалықтармен, библиографиялық әдебиеттер және сөздіктермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

  5. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 2 – 4-сыныптар барлығы 136 сағатты құрайды (аптасына 4 сағаттан).

  1. Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен пәнаралық байланысы оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілін, көркем-шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығын, эстетикалық талғамын арттыру, ұлттық сананы қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, рухани-мәдени, ұлттық-әлемдік құндылықтарды барынша бағалап, құрметпен қарауға үйрету мақсатында жүзеге асырылады. «Әдебиеттік оқу» пәнінің сөздік қорын басқа пән терминдері арқылы байытылып, кеңейтіледі және ол пәндердің мазмұнын толық ұғынуға ықпалын тигізеді.

  2. Қазақ тілі:

1) жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау;

2) сөздік қорын байыту, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

3) өз ойынан, үлгі бойынша, көргені немесе оқығаны бойынша мәтін (сипаттау, пайымдау, баяндау) құрастыру, мәтінді талдау, жоспар құру, мәтінге атау беру;

4) жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау;

5) жазба жұмыстарын сауатты жазу (қатесіз жазу);

6) жазба жұмыстарын жазу барысында грамматикалық ережелерді қолдану, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтау.

8. Математика:

1) сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет шығармаларында қолдану;



  1. тілді математикалық терминдермен байыту;

9. Дүниетану:

1) қоршаған дүниенің біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қолдану;

2) топсеруен кезінде, табиғат туралы алған білімдерін жазба жұмыстарда қолдану.

10. Музыка:

1) қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың музыка саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің музыкалық шығармаларын тыңдау;

2) музыка тіліне салынған ақындардың өлеңдерін жаттау;

3) ақын өлеңдерінің ырғағын анықтай алу;

4) өлеңдерге сай әуендер ойлап табу;

5) мәтіндердегі автордың көңіл-күйін байқау;

6) ана тіліміздің сазды, әуенді, әуезді сарынын, үнін тыңдау;

7) көркем шығармалардағы сипаттау, теңеулердің музыка тіліндегі үндестігін ұғыну.

11. Бейнелеу өнері:

1) суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту;

2) сурет бойынша өз сезімдерін, ой-пікірлерін білдір;

3) суретке қарап мәтіндегі оқиғаны әңгімелеуге, мәтіндегі оқиғаға сай сурет салғызуға жаттықтыру;

4) сипаттау, салыстыра сипаттау мәтіндерін құрастыруда, мазмұндама және шығарма жазуда халық шеберлерінің туындыларын пайдалану;

5) эстетикалық тәрбие беру.

12. Еңбекке баулу:

1) еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;

2) еңбекке баулу сабағында берілетін қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ұлттық киім үлгілері, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектерінің тарихы т.б. туралы мәліметтерді шығармалар оқу кезінде еске түсіру, байланыс орнату;

3) қазақтың сәндік-қолданбалы өнерін оқушылардың ауызекі және жазба тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту арқылы жүзеге асырылады.

. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны
28. Білім мазмұнын құруда жанрлық – хронологиялық ұстанымы басшылыққа алынып, қазақ балалар әдебиетінің тұтас бітімінің қысқа нұсқасы ұсынылады.

29. Оқу материалдары төмендегі тараулар бойынша топтастырылады:



  1. кәусар бұлақ (24 сағ.);

  2. асыл арналар (12 сағ.);

  3. жарық жұлдыздар (20 сағ.);

  4. мәуелі бақ (70 сағ.);

  5. әлем әдебиеті үлгілері (10 сағ.).

30. Халық ауыз әдебиеті үлгілері:

1) батырлар жырынан үзінділер («Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Тайбурылдың шабысы», «Алпамыс батыр», «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» және т.б.),;

2) аңыз әңгімелер мен қиял-ғажайып оқиғалар;

3) халық арасында шешендігімен елге танылған билер мен батырлардың даналық шешендік сөздері;

4) ақындар айтысы. Жұмбақ айтыс;

5) ертегілер;

6) мысалдар.

31. Жазба балалар әдебиеті үлгілері. Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары (әл-Фараби даналық ойлары, М.Қашғари, Ж.Баласұғын нақыл сөздері, М.Өтемісұлы, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Көбеев, Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, С.Дөнентаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағамбетов, Ж.Жабаев, М.Мақатаев, Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, И.Байзақов, М.Иманжанов, Ғ.Мүсірепов, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, Т.Айбергенов, Б.Бұлқышев, Ө.Тұрманжанов Т.Молдағалиев, Ә.Тәжібаев, С.Жүнісов, С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, А.Сейдімбек, Қ.Жұмағалиев, С.Жиенбаев, Б.Момышұлы, М.Шаханов, О.Сүлейменов, Ғ.Қайырбеков, О.Бөкей, А.Асылбеков, Ж.Әбдірашев, Ф.Оңғарсынова т.б.), әлем әдебиеті классиктері (Ш.Айтматов, Н. Хикмет, Э.Корр, Э.Хемингуэй, Г.Х.Андерсен, Л.Толстой, И.Крылов, т.б.) мен педагог В.Сухомлинскийдің балаларға арналған шығармалары. Жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтер. Ғылыми-танымдық шығармалардан: мақала, очерк, естелік, өмірбаян, күнделік.

32. Әдеби-теориялық білім:

1) көркем мәтіндердегі пейзаждың, портрет, мінездеудің, диалог, монологтың орны туралы қарапайым түсінік, жазушы қолданған көркем сөздерді (теңеу, кейіптеу, эпитет) табу, шығарманың тақырыбы мен идеясы, композициясы, сюжеті туралы практикалық тұрғыда түсіндіру;

2) эпикалық жырлар, аңыз, теңеу, айтыс, әдеби ертегі, мысал, диалог, монолог, сатира, кейіптеу, фантастикалық шығарма, портрет, лирика, мінездеме, қайталау, логикалық екпін, сюжет, естелік және т.б. туралы ұғымдар.

33. Мәтінмен жұмыс:



  1. мәтін бойынша автордың көзқарасына өз пікірін білдіру;

  2. мәтінді эстетикалық-сезімдік тұрғыда қабылдау, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беру (сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне, автордың көзқарасына сүйеніп және бүгінгі күн талабына сай өз көзқарасын білдіре отырып);

  3. мәтіндегі оқиғаның ретін, себебін, уақытпен, тарихи кезеңмен себеп-салдар байланысын көрсете алу;

  4. өлеңдерге сай ырғақты таңдай білу, сөздіктерге сүйене отырып сөздердің мағынасын түсіндіру, жазушы тіліне назар аудару, көркем сөздерді қолдану;

  5. өздігінен шығарманың атауын түсіну;

  6. мәтінді оқу үдерісінде (кезеңдері: мәтінді оқу барысында өздігінен сұрақтар құрастыру, мүмкін болатын жауаптарды болжау, өзін-өзі бақылау);

  7. «автормен диалог» жүргізу;

  8. оқыған шығарманың басты ойын өздігінен тұжырымдау, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланысты орнату;

  9. өздігінен әртүрлі нұсқада қарапайым жоспар құрастыру, мұғалімнің көмегімен және өздігінен күрделі жоспар құрастыру;

  10. нақты тақырыпқа әңгіме құрастыру үшін мәтіннен қажетті мәліметтерді табу;

  11. өздігінен мәтіннен түйін сөздерді айырып көрсету;

  12. негізгі ойды тұжырымдау, оны мәтін атауымен сәйкестендіру, жоспар бойынша мәтінді мазмұндау;

  13. шығарма кейіпкерлерінің образын сезіне отырып рөлге бөліп оқу;

  14. оқу мәдениеті. Ауызша және жазбаша сөйлеу.

34. Оқу дағдысы. Ауызша сөйлеу мәнерлілігі тәсілін қолдана отырып, қажетті нормаларды сақтай жылдам, саналы, дұрыс, мәнерлі оқу. Өздігінен мәнерлеп оқуға дайындалу. Көлемі мен жанры әртүрлі кез-келген мәтінді іштей саналы оқу.

4-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
39. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет:

  1. тегі, жанры әр түрлі шығармаларды оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;

  2. мәнерлеп оқу құралдарын (ой екпінін, дауыс ырғағын, дауыс күшін, кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды;

  3. қара сөз бен өлеңнің ұқсастығын (екеуінің де бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер етуі);

  4. өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны);

  5. көлемі 300 – 350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді;

  6. басқа шығармалардан мысалдардың өзіндік (жағымсыз жәйіт, кемшілік, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай астарлап, яғни аллегориялап сынауы, белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбие айтылатын кіріспе немесе қорытынды шумақ болатыны, монологты – диалогты құрылымы дауысты құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін;

  7. шығармадағы негізгі ойды анықтап, оның басталуы, жалғасуы, шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды;

  8. мәтінді оқиға желісіне қарай шегін ажыратып, ат қоюды;

  9. мәтіннің мамұнына қатысты тірек сөздерді табуды;

  10. мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсіндіруді;

  11. мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін түсіндіруді;

  12. әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды.

40. Оқушылар меңгеруі қажет:

1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;



2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;

  1. портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме беруді;

  2. ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;

  3. көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;

  4. мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді;

  5. әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;

  6. көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды;

  7. ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды;

  8. сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды;

  9. тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды;

  10. көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;

  11. мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);

  12. 4-сыныптың бірінші жарты жылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жарты жылдықта – 70-80 сөз оқуды.

41. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың:

  1. Қазақстан Республикасының әнұранын жатқа білуінен;

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, рәміздерін құрметтеуінен;

  3. ел ішінен шыққан құрметті азаматтардың, халыққа танылған билер мен батырлардың өмірі мен даналық сөздерін білуде, жатқа айтуда, жазба жұмыстарында, олардың өмірінен үлгі алуынан;

  4. қазақ және әлем классиктерінің шығармалары арқылы тарихи тұлғаларға құрметпен қарауда, өз туған жері, қоршаған ортаны сақтауға үйренуінен;

  5. мәтін кейіпкерлеріне деген өз көзқарасын білдіруден;

  6. адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттілігі мен этикалық нормаларды сақтауынан көрінеді.

42. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың:

  1. бағдарлама көлемінде мәтінді мәнерлеп, дауыс ырғағын келтіріп оқу дағдысынан;

  2. мәтінмен жұмыс істеу (сұрақтарға жауап беру, суретпен жұмыс, шығарманың негізгі ойын түсіну, талдау, жоспар құру және т.б.) білігінен;

  3. мәтін, сурет бойынша қысқаша әңгіме құрастыру білігінен;

  4. көркем шығармаларды меңгеру, пайымдау, қарапайым талдау жасауынан;

  5. шығарма авторлары туралы мәліметтер жинақтау білігінен;

  6. шығармашылықпен мазмұндау, басты кейіпкерлерге сипаттама беру, әңгіме құрастыру білігінен;

  7. ана тілінде ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу білуінен;

танымдық, шығармашылық жобаларды орындауынан көрінеді



Тақырыбы

Оқыту мақсаты

Оқу нәтижесі

Дереккөздері

Сағат саны

Мерзімі





1 тоқсан 36 сағат

Кәусар бұлақ ( 24 сағат)

1

Қ.Аманжолов.

Туған жер



Қ. Аманжолов. Туған жер туралы түсінікті қалып-тастыру.Өлең құрылы-сына талдауды жеке, топтық жұмыс түрінде орындау арқылы,өз ойын ашық айтуды, бірігіп жұмыс жұмыс жасауға машықтандыру

Өз ойын ашық айтады,тапсыр

маны өз бетінше орындайды.



Автордың суреті,үлестірмелі парақшалар,көрсетілім

1




2

М.Мақатаев.Сүйемін,өскен Отаным

М. Мақатаев. Сүйемін, өскен Отаным. Қазақстан өлеңін оқи отырып, ақын туралы деректермен танысады,өлең шумақтарындағы көркем сөздерді талдау арқылы «лирикалық өлеңнің» ерекшелігін түсінеді.

Жас ерекшелік

теріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды.



Мұғалімге арналған нұсқаулық плакат,үлестірмелі парақшалар,электр.оқу

лық


1




3

Елтаңба мен Ту туралы жыр

Елтаңба мен Ту туралы жырды оқыту арқылы Отаны үшін жанын аямаған елеміздің ұл –қыздарының ерлігі туралы білімі кеңейеді.

Жас ерекшелік

теріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды.



Мұғалімге арналған нұсқаулық плакат,үлестірмелі парақшалар,көрсетілім

1




4

Қ.Жұмағалиев.Туған өлкем

Қ. Жұмағалиев. Туған өлкем өлеңін оқу барысында Қазақстан туралы білімі кеңейеді.Отанын сүюге,байлығын қорғауға жауапкершілікті сезінеді.

Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды

Әдебиеттік оқу әдістемесі, плакат,үлестірмелі парақшалар,электр.оқу

лық


1




5

Қ.Сапарбаев,Туған жердің ыстығын-ай

Қ. Сапарбаев. Туған жердің ыстығы-ай өлеңімен танысады.Мәтіндегі кейіпкерлердің көңіл-күйін, сезімін бейнелейтіндігін түсіну

Жас ерекшелік

теріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды.



Мұғалімге арналған нұсқаулық плакат,үлестірмелі парақшалар

1




6

Төле бидің төрелігі

Төле бидің төрелігі туралы білімді түсіндіру,жаңа мағлұматтармен танысу,тарихи тұлғалар туралы берілген деректерді түсініп оқуға дағдылану

Жас ерекшелік

теріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды.



Мұғалімге арналған нұсқаулық плакат,үлестірмелі парақшалар,көрсетілім

1




7

Халқына адал бол

Халқына адал бол тақырыбында тапсырмалар орындау,мәтіндегі негізгі идеяны ашуға жағдай жасау

Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды

Әдебиеттік оқу әдістемесі, плакат,үлестірмелі парақшалар,электр.оқу

лық


1




8

Малайсары мен Сырым батыр

Малайсары мен Сырым батыр туралы сабақты бекіту.мәтін арқылы оқушылардың сөздік қорын байытуға,өз ойын қорытындылай алуға мүмкіндік беру

Өз ойын ашық айтады,тапсырманы өз бетінше орындайды.

Автордың суреті,үлестірмелі парақшалар

1




9

Қазыбек бидің шешендігі

Қазыбек бидің шешендігі туралы мәлімет,мәиіндегі көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу.

Жас ерекшелік

теріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды.



Мұғалімге арналған нұсқаулық плакат,үлестірмелі парақшалар

1




10

Қайтып кірер есікті қатты жаппа

Мәтінді түсініп оқи отырып,ойлау қабілетін,ой-өрісін дамыту, шығармашылық-танымдық белсенділігін арттыру

Жас ерекшелікте

ріне сай тақырыпты меңгеріп,топта талқылайды.



Әдебиеттік оқу әдістемесі, плакат,үлестірмелі парақшалар,электр.оқу

лық


1




11

Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай

Ақындар айтысы. Шөже мен Орынбай туралы түсінік беру арқылы өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Жаңа білімді түсінеді,топта жоба жасайды,қорғайды және бағалайды

Әдебиеттік оқу әдістемесі, плакат,үлестірмелі парақшалар

1




12

Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтыс

Жұмбақ айтыс туралы түсінік. Айтыста кезедесетін оралымды сөз мағыналары ұшырасатын үзінділерді талдау арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіреді.

Өз ойын ашық айтады,тапсыр

маны өз бетінше орындайды.



Автордың суреті,үлестірмелі парақшалар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет