Пәні: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі


Педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, оның ғылымда алатын орны



бет2/9
Дата08.02.2022
өлшемі26,39 Kb.
#98564
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
e83093a8-f6ac-4e89-94d9-9bbe33b9120e

1. Педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, оның ғылымда алатын орны. Педагогикалық тәжірибе дегеніміз- оқыту, білім беру және тәрбие практикасы, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін ұйымдастырылған, мақсатты педагогикалық процесс. Педагогикалық тәжірибе – педагогикалық іс - әрекет нәтижелері туралы ақпараттарды тіркеу, сақтау және көрсету құралы. Көбіне педагогикалық тәжірибе педагогтың өзінің педагогикалық қызметінде үрдісінде меңгерген білім, іскерлік, дағдылардың жиынтығы деген анықтама қолданылады. Э.И.Моносзонның айтуы бойынша, педагогикалық тәжірибе бұл – практикалық педагогикалық іс-әрекет және тәрбиеленетін, оқылатын жеке тұлға ретінде айқындалатын осы іс-әрекеттің нәтижесі. М.Н.Скаткин педагогикалық тәжірибе ұғымын екі мағынаға бөледі. Кең мағынасында педагогикалық тәжірибе тәрбиелеу мен оқытудың практикасы, ал тар мағынада – „ұзақ немесе қысқа уақыттағы жұмыстың (тәжірибенің синонимі) нәтижесінде меңгерген педагогтың шеберлігі” болып табылады. ПТ «тар мағынада» теория мен практикадағы бар жақсыны шығармашылықпен қолданатын, жаңалық енгізетін, белгісізге жол салатын практика.
Көпшілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі- педагогика ғылымының жетістіктерін қолданып, жұмыс істейтін білім беру ұйымдары.Жоғары нәтижеге қол жеткізетін мұғалім оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі заңдылықтарды ескеріп, ғылыми - әдістмелік ұсынбаларды шығармашылықпен қолданады, педагогикалық үрдіс жағдайларының ерекшеліктерін педагогикалық мақсатқа сай ескеріп отырады. Бұл жағдайда мұғалімнің педагогикалық қызметі жаңалығымен ерекшеленбейді. Бірақ жоғары репродуктивтік кәсібилігімен сипатталады. Көбіне аталған категорияға еңбек өтілі көп мұғалімдерді жатқызады.
Сонымен қазіргі педагогикадағы тәжірибе «оқыту-тәрбиелеу жұмысының практикалық үрдісінде мұғалім игерген білім, дағды және шеберліктің жиынтығы” ретінде анықталады.
Тәжірибе көкейтесті педагогикалық проблемаларды шешудегі құнды, жаңа, өзгеше идеяларымен бағалы. Үш бағыты бар:
- Педагогикалық қызметте инновациялық мүлдем жаңа формалар, әдістер, тәсілдердің қолданылуы.
- Педагогикалық қызметте бұрын қолданылмаған, бірақ белгілі форма, әдістерді, тәсілдердің қолданылуы(мысалы іскерлік ойын т.б.) .
- Жаңашыл ұстаздардың жүйесін жағдайлардың әртүрлілігіне байланысты толық қолдануға болмайтындықтан жеке элементтерін қолдану(мысалы, Шаталов жүйесі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет