Пәні: Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі


Озат педагогикалық тәжірибе



бет4/9
Дата08.02.2022
өлшемі26,39 Kb.
#98564
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
e83093a8-f6ac-4e89-94d9-9bbe33b9120e
0 кл. кален 2020-2021 , Микроэкономика пәні және оның әдістері Орындаған Өтеген Н. Ө-engime.org, e83093a8-f6ac-4e89-94d9-9bbe33b9120e, 5 Сопромат (2к, на русс яз ПО, АТТ, НГД) Нуралин Б, 5 Сопромат (2к, на русс яз ПО, АТТ, НГД) Нуралин Б
3.Озат педагогикалық тәжірибе – практика жүзінде іске асырылған алдыңғы қатарлы педагогикалық идеялардың жиынтығы. Озат педагогикалық тәжірибе бұл бөлек педагог, топ, педагогикалық ұжым, кейде аудан мектебі, қала облыс шығармашылықтың нәтижесі болуы мүмкін. Озат педагогикалық тәжірибе ұғымының кең мағынасы: мұғалімнің жоғарғы деңгейдегі шеберлігі, тұрақты түрде биік педагогикалық көрсеткіштермен ерекшеленетін оқыту және тәрбие практикасы. Шебер мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымдағы белгілі әдістерді тиімді қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болады. Мұндай мұғалімнің жетістіктерін озат тәжірибе ретінде таратуға болады. «Тар мағынасы» шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар практика. Басқаша айтқанда жаңашылдардың практикасы. Мұндай педагогикалық тәжірибе мектептің практикасына жаңалық әкелетіндіктен өте құнды деп. саналады. Сондықтан бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. К.Ушинский «Озат тәжірибені үйрену барысында бір адамнан екінші адамның алатыны – тек қана оның идеясы» деген. Озат – бұл сонымен қатар тиімді, яғни тәрбие-оқыту жұмысында күш, әдіс пен уақытты салыстырмалы түрде көп қолданбай жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Озат педагогикалық тәжірибенің бірінші маңызды белгісі - қоғам дамуының бағытына,әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері оқыту мен тәрбиеде өмірдің ан талаптарына сай жұмыс істейді, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады. Озат тәжірибенің екінші белгісі- педагогикалық қызметтегі тұрақты, жақсы нәтижелер. Педагогикалық “ өнім”- оқушылардың білім, іскерлік дағдыларының деңгейі, жалпы дамуы, тәрбиелілігі.
Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың күштері және құралдарын оңтайлы түрде жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс тапсырмалар беру, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіру арқылы білімнің жоғары деңгейіне жету озат тәжірибе емес. Озат тәжірибенің төртінші белгісі - жаңалық элементінің болуы. Сондықтан педагогикалық озат тәжірибе оқу - тәрбие жұмысын үнемі дамыту мен жетілдіруде үлкен орын алады. Осыған орай әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, өз ісінде пайдаланудың жолдарын қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет