5.Озат педагогикалық тәжірибе бөліктері: Педагогикалық міндеттер. Педагог тәжірибесінің осы элементін талдағанда және бағалағанда оның өзінің алдына қандай міндеттер қойғанын анықтау керек.
Оқушылардың білімділігі, тәрбиелілігі нәтижесінің деңгейі: балалардың іс әрекетіне баға бергенде олардың қалай жұмыс жасайтындығына назар аудару керек: мақсатты түрде жұмыс жасайды, қызыға жұмыс жасайды, немесе белсенділіктері төмен.
Тәжірибенің жаңалығы: тәрбие жұмысында бұған ұқсас жұмыстардың болмағандығын дәлелдеу; зерттелетін тақырып аумағының кеңеюі; оқушылардың жаңа ролдерге ие болуы; уақытты аз жұмсап, үлкен тиімділікпен оқу материалдарын меңгеруге жол ашады.
Инновациялық педагогикалық тәжірибенің тереңдігі, көлемділігіне қарай жаңалықтың мынадай деңгейлерін бөлуге болады:
Жаңалықтың ғаламдық деңгейі: - ғылымға жаңа ережелер енгізу, білімдік үрдісті мақсатынан бастап диагностикалауға дейін түбірлі өзгерту;
Жаңалықтың жергілікті деңгейі: - педагогикалық жүйенің бір элементін жаңарту және жетілдіру; жаңалықтың шартты деңгейі – бұрыннан белгілі элементтерді ерекше байланыстыру арқылы ашылған жаңалық;
Жаңалықтың жеке деңгейі - басқа нысандарда қолданылған жаңалықтарды нақты жағдайларда қолдану.
Негізгі идеясы: тәжірибеден туындайтын негізгі ой тақырыпқа сай келеді.