Пәні: химия 9-сынып Тақырыбы



Дата25.08.2017
өлшемі154,41 Kb.
#27588
Байбатырова А.К

Химия пәнінің мұғалімі

«М.Ахметбеков орта мектебі» КММ,

Шал ақын ауданы ,СҚО

Пәні: химия

9-сынып




Тақырыбы:

Металдар тақырыбын пысықтап бір жүйеге келтіру



Білімділік:

Оқушылардың металдар тарауынан алған білімін жаңа ұғымдармен толықтыру, олардың қасиеттері туралы терең түсінік беру. Ерекшеліктерін, айырмашылығын ажырата білуді үйрету.

Дамытушылық:

Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін,өзіндік пікірін қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін дамыту

Тәрбиелік:

Бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Кіріктірілген сабақ

Сабақтың типі:

Білім мен әрекет тәсілдерін кешенді қолдану сабағы

Сабақтың әдісі:

Зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырмалар беріліп, оны өз бетінше қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.Тірек сызбалар, проблемалық сұрақтар,концептуалдық кесте

Сабақтың көрнекілігі:

Химиялық реактивтер /мыс,күкірт қышқылы, темір, мыс сульфаты, магний ,мырыш , тұз қышқылы, кесте, топтамалар

Пәнаралық байланыс:

Тарих, биология, қазақ тілі, география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Қызығушылығын ояту

ІІІ. Мағынаны тану. Металдар тарауын қайталау


  1. «Кім жылдам» ойыны

  2. «Үндемес» ойыны. Картамен жұмыс

  3. Химиялық диктант

  4. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

  5. «Білімді мыңды, білекті бірді жығады»

ІV. Ой толғаныс

V. Өздік жұмыс.

VІ. Оқушылардың алған білімдерін есепке алу

VII.Қорытынды

VІІІ. Үйге тапсырма


Ұйымдастыру кезеңі

Сынып бөлмесін сабаққа дайындау


  1. Оқушыларды түгендеу

  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

  3. Топқа бөлу

Қызығушылығын ояту:Металдарға жұмбақтар шешу.

Қара жер адамзатқа болған мекен
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар
Солардың ең артығы немене екен?
(Темір)



Мағынаны тану:

І.«Кім жылдам» ойыны

І-топ


  1. Қосылыстарда +2 тотығу дәрежесін көрсететін металл?(кальций)

  2. Екідайлы қасиет көрсететін металл?(алюминий)

  3. Коррозия сөзінің латынша баламасы?(korrosio-желіну)

  4. Тығыздығы ең көп металл?(осмий)

  5. Су кермектігінің құрамында қандай тұздар болады?(магний мен кальций тұздары)

  6. Қанға қызыл түс беретін металл?(темір)

  7. Гипс құрамында қандай металл болады?(кальций)

ІІ топ

  1. Қосылыстарда +3 тотығу дәрежесін көрсететін металл?(алюминий)

  2. Ең жеңіл металл?(литий)

  3. Жемірілу қандай үрдіске жатады?(татығу-тотықсыздану)

  4. Пириттің құрамында бар металл?(темір)

  5. Кермектінің неше түрі бар?(2)

  6. Азот қышқылымен әрекеттеспейтін металл?(алюминий)

  7. Темірдің маңызды құймаларын ата?(шойын,болат)

ІІ.«Үндемес» ойыны

Металдардың жер қойнауында кездесетін қосылыстарын минералдар деп атайды.Олар оксид, сульфид,доломит,сидерит, пирит әртүрлі тұздар түрінде кездеседі

І- топ

Аты

Формуласы

Лимонит

.......__......__А_l_2_О_3_*nH'>.......

......

Ғе2О3

Сидерит

.......

......

Аl2О3*nH2O

Доломит

......

......

Ca3(PO4)2

ІІ-топ


Аты

Формуласы

Сөндірілген әк

.......

......

Ғе3О4

Пирит

.......

......

Аl2О3

Ғаныш

......

......

CaCO3


ІІІ.Химиялық диктант

І-топ


ІV-периодта ІІ-топтың негізгі топшасында орналасқан элемент ... .Ол ... қатарына жатады.Адам ағзасында 1 кг-ға дейін ... бар, ол сүйектің, ..., ..., ... құрамында болады.Ол табиғатта ... күйінде кездеседі.Ол алуан түрлі минералдар түзеді: ... ... техникада «сөндірілмеген әк» деп аталады.Сөндірілмеген әк ... оксид, сондықтан ... әрекеттеседі.Сумен әрекеттескенде ... түзіледі.Қальцийдің ... мен ... тұздары кермек судың құрамында болады.

ІІ-топ


ІІІ-топта ІІІ-периодтың негізгі топшасында орналасқан элемент ... . Белсенді металл болғандықтан, ол тек ... түрінде кездеседі.Алюминий ... де, ... де әрекеттесіп, ... қасиет көрсетеді.

...- суда ерімейді және онымен әрекеттеспейді.Алюминий оксиді хром (ІІІ) қоспасы бар кристалдары ..., ... алу үшін қолданылады.

...-ақ түсті суда ерімейтін, екідайлы негіз.Алюминий құймалары ..., ..., ... қолданылады.

ІV. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар». Бұл бөлімде әр топ оқулықтан берілген реакция теңдеулерін жазу керек.

І-топ


Ca Ca(OH)2 CaCO3 CaO CaCl 2 Ca CaSO4

ІІ-топ


Zn ZnCl2 Zn(OH)2 ZnSO4 BaSO4

V. «Білімді мыңды, білекті бірді жығады».

І-топ


Массасы 2,1 г Mg мен Al-ден тұратын қоспа тұз қышқылымен әрекеттескенде 2,24 л (қалыпты жағдайда) сутек бөлінген. Бастапқы қоспаның құрамы қандай?

ІІ-топ


Мыс пен мырыштың 20 грамм қоспасына тұз қышқылын қосқанда қ.ж. 4,48 л сутек бөлінген.Қоспадағы металдардың массалық үлестері қандай?

VІ. «Металдар туралы мақал-мәтелдер айту»
І- топ ІІ-топ


  1. Ақыл арымас, ... шірімес 1) От көмірді жейді,

Өлең алтын, сөз күміс. ... темірді жейді.


  1. ... еріте білмеген ірітер, 2) Ескі мата бөз болмас

Теріні илей білмеген шірітер. Ескі ... біз болмас.

Ой толғаныс:

  1. Зертханалық жұмыс:






Тәжірибе

Не жасалды?

Не байқалды?

Қорытынды

1.

Темір мен мыс сульфатының әрекеттесуі



Темір шеге мыспен қапталады

Fe + CuSO4 FeSO4+Cu


2. Өздік жұмыс:

Концептуалды кесте


Металдардың электрондық құрылысы

Физикалық қасиеттері

Химиялық қасиеттері

Алынуы

Металдардың сыртқы энергетикалық деңгейлерінде электрондар саны аз, атом радиусы үлкен, сондықтан сыртқы деңгейдегі электрондар ядроға нашар тартылады да бейметалдармен салыстырғанда валенттік электрондарын жеңіл беріп, оң зарядты иондар түзеді.

Металдық жылтырының болуы.

Электр тогын және жылуды жақсы өткізеді.

Созылғыш, тапталғыш.

Қатты күйде кездеседі.

Сұйығы сынап.

Тығыздығы, балқу температурасы әртүрлі



Жай заттармен әрекеттеседі.

Мысалы:


2Na+Cl2 2NaCl

Сумен әрекеттеседі.

Mg + H2O

MgO + H2

Қышқыл ерітінділерімен.

2Al + 6HCl

2AlCl3 + 3H2

Тұз ерітінділерімен

Ni + CuSO4

NiSO4 + Cu

әрекеттеседі


Металлотермия

әдісі


Fe2O3 + 3CO t

2Fe + 3CO2

Алюминотермия әдісі

Cr2O3 + 2Al t

2Cr +Al2O3

Сутектермия әдісі

WO3 + 3H2 t

W + 3H2O

Электролиз әдісі

2NaCl 2Nao+Cl2o




Металдардың шығу тарихына шолу жасау (Интерактивті тақтада көрсетіледі)




Алғаш табылған металдар

Металдың пайдалана бастаған дәуірі

1.

Алтын, күміс, мыс,темір, сынап, қалайы, қорғасын.

Біздің заманымызға дейінгі

2.

Мырыш, сурьма, висмут.

XVІІІ ғасырға дейін

3.

Платина

XVІІІ ғасырда

4.

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, кобальт, иридий.

XІX ғасырда

5.

Жер қыртысында кездесетін қалған металдар.

XX ғасырдың бірінші жартысында

6.

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен алынған металдар-актиноидтар, лантаноидтар.

XX ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін.

Біздің заманымызға дейін алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын пайда болған, оған дәлел V-VІІ ғасырларда өмір сүрген алтын киімді адам ( 1969 жылы Есік қорғанынан табылған) екені түсіндіріледі. Адамзат тарихында тұтас бір дәуірлер мыс, қола, темір, дәуірлері деп аталуы оларды адамның игеру кезеңімен байланыстылығы, қазбадан табылған қару жарақтар, әшекей бұйымдардың, еңбек құралдарының металдардан жасалғаны да сөзге тиек болды.



Металдардың аталуы:

Алтын – таңғы арай. Мыс - Кипр аралы мысқа бай.

Күміс – ақ,жарық. Сынап - сұйық күміс.

Вольфрам - қасқыр көбік. Платина – күміске ұқсас.

Темір – латын тілінен аударғанда «қамал»

Берилий – тәтті (конструкциялық берилий ғарыш ісінде өте маңызды орын алады. Шойын, болат, темірге қарағанда жеңіл әрі мықты,арзан.Алматыда өндіріледі.)


Сабақта игерілген білімді бекіту

Үлестірмелі топтамалар және тест арқылы оқушылардың білімдерін тексеру

Тест

«Металдардың жалпы қасиеттері»



  1. Жер қыртысында ең көп таралған металл:

1. Темір 2. Титан 3. Мыс 4. Кальций
2) Тек металдар орналасқан қатарды көрсетіңіз:

1. Са, Zn, Cr 2. B, As, Te 3. O, S, Se 4. Pb, Sn, Si


3)Металдарға тән емес физикалық қасиет:

1. Электр өткізгіштігі 2. Жылу өткізгіштігі 3. Созылғыш, иілгіш

4.Жылу өткізбейтіндігі
4) Ауады тотықпайтын металл:

1. Na 2. Au 3. Al 4. Mg

5) Натрий суда ерігенде түзілетін заттардың бірі:

1. Натрий оксиді 2. Натрий гидрооксиді 3. Натрий гидриді

4. Натрий пероксиді
6) Сілтілік металдар атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінің жалпы электрондық формуласы:

1. ns2 2. ns1 3. ns2 np1 4.ns2 np2


Бағалау (Әр топ бағалау кестесі бойынша тапсырмаларға баға береді)




Аты-жөні

Тапсырмалар

Баға

I

II

III

IV

V

VI

1

























2

























3

























4


























Үйге тапсырма:

  1. Металдар тарауын қайталау

  2. № 3, 4 есептерді шығару

  3. “Жеті ғаламшар – жеті элемент” тақырыбында реферат жазу

Қорытынды: Қазіргі таңда оқу- тәрбие ісінің тиімділігін арттыру үшін пәндерді кіріктіруге, өмірмен байланыстыруға назар аудардым.Бүгінгі металдар тарауын қайталауда осы әдістерді қолдандым.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. К.Н. Сакарьянова, М.Б.Усманова Химия оқулығы 9 сынып . Алматы Атамұра 2014

2. К.Н. Сакарьянова, М.Б.Усманова «Химия оқу-әдістемесі» 9 сынып Алматы «Атамұра» 2014

3. «Химия мектепте» ғылыми педагогикалық, әдістемелік журнал журналы 2011 №5 (37) 37-бет

4. Химик анықтамалығы республикалық ғылыми-танымдық журналы 2015 №6 (50) 32-бет

5. К.Н. Сакарьянова, М.Б.Усманова Химия методическое руководство 3-е издание.Алматы «Атамұра» 2014

М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі

Байбатырова Айгүл Байбатырқызының

«Металдар тақырыбын пысықтап бір жүйеге келтіру»

Тақырыбында 9-сыныпта өткізген ашық сабағы туралы


Рецензия
Байбатырова Айгүл Қайырқызы-химия пәнінің мұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз жұмыстанып келеді.Химия пәніне деген оқушылардың таным белсенділігін,ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау,зейіндік қабілетін дамытуға , пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.

Аталған тақырып оқу бағдарламасына сай алынған.Құрылымы мазмұны мен мақстана сәйкес келеді.Сабақты өткізу барысында оқушылардың тіл шеберлігін, білімге құшштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту , өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылығын шыңдау , адамгершілікке тәрбиелеу сабақ берудегі негізгі талап болып есептеледі.

Бұл сабақта оқушылар алған теориялық білімдерін нақтыландырып, ізденуге, өздік жұмыс жасай алуға, топпен жұмыс істеуге, өз білімін өзі бағалап, тексере білу дағдыларын қалыптастыруға үйренді.

Қойған мақсатымызға қарай нәтиже күтілді.Жұмыс барысында оқушылардың мұндай жұмыстарды үнемі жүргізілетіндігі байқалды.Жаңа сабақты пысықтау барысында ақпараттық техникалық құралдар кеңінен қолданып,тестік жұмыстар орындалды.Барлық тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетілген және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.Сабақтың әр кезеңінде уақыт нақты есептелген және қорытынды жасалып, үйге берілген тапсырма пысықталып, кері байланыс жасалды.Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланып,сабақ мақсатына жетті.

Мектеп директоры: Баржақсин Е.Т.
Әдіскер: Оспанова Г.Т.

М.Ахметбеков атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі

Байбатырова Айгүл Байбатырқызының

«Металдарға эксперименттік есептер шығару »

Тақырыбында 9-сыныпта өткізген ашық сабағы туралы

Рецензия
Байбатырова Айгүл Қайырқызы-химия пәнінің мұғалімі оқушыларға сапалы білім беру жолында үздіксіз жұмыстанып келеді.Химия пәніне деген оқушылардың таным белсенділігін,ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында жаңа технология әдістерін пайдалана отырып әр оқушылармен жеке жұмыстанып есте сақтау,зейіндік қабілетін дамытуға , пәнге деген қызығушылығын арттыруға жетелейді.

Аталған тақырып оқу бағдарламасына сай алынған.Құрылымы мазмұны мен мақстана сәйкес келеді.Сабақты өткізу барысында оқушылардың тіл шеберлігін, білімге құшштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту , өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылығын шыңдау , адамгершілікке тәрбиелеу сабақ берудегі негізгі талап болып есептеледі.

Бұл сабақта оқушылар алған теориялық білімдерін нақтыландырып, ізденуге, өздік жұмыс жасай алуға, топпен жұмыс істеуге, өз білімін өзі бағалап, тексере білу дағдыларын қалыптастыруға үйренді. Сапалық реакциялар арқылы заттардың құрамын анықтады. Зат құрамын анықтау мақсатындағы эксперименттік есептерді шығара білді, химиялық экспериментті орындау біліктілігін техникалық қауіпсіздігіне сай жүргізу дағдысын жетілдірді.

Қойған мақсатымызға қарай нәтиже күтілді.Жұмыс барысында оқушылардың мұндай жұмыстарды үнемі жүргізілетіндігі байқалды.Жаңа сабақты пысықтау барысында ақпараттық техникалық құралдар кеңінен қолданып,тестік жұмыстар орындалды.Барлық тапсырмалар интерактивті тақтада көрсетілген және оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.Сабақтың әр кезеңінде уақыт нақты есептелген және қорытынды жасалып, үйге берілген тапсырма пысықталып, кері байланыс жасалды.Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланып,сабақ мақсатына жетті.

Мектеп директоры: Бржақсин Е.Т.


Әдіскер: Оспанова Г.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет