3. Оқытудың негізгі құралдары
Негiзгi құралдардың құрамына кiретiн бөлiктерiн алып қарайық.
Бағдарлама - бұл мұғалiмнiң белгiлi бiр сыныпта жұмыс жүргiзу үшiн қолданатын мемлекеттiк құжат. Мұғалiм бағдарламаның түсiнiктемесiн ұқыпты оқып, оқытудың мақсаты сол мазмұнын бiлiп алуы керек.
Мысалы: 1985 ж. түсiнiктемеде оқыту ауызша негiзде жүргiзiледi деген.
Бағдарламада сыныпта өзiндiк жұмыс жүргiзуге, кластан тыс жұмыстарға т. б. көңiл бөлiнедi. Егер бағдарламада тiлге оқыту бағыты өзгерсе, онда оқыту әдiстемесi де өзгеруi тиiс.
Түсiнiктемеден кейiн бағдарламаның өзi берiледi, онда оқытудың тақырыптары (үлгi) және оқытудың түрлерiне қойылатын талаптар берiледi.
2. Мұғалiмге арналған кiтап - екiншi маңызды құрал. Бұл оқу – әдiстемелiк жиынтығының негiзгi мазмұны берiлетiн құрал. Жұмысқа кiрiсе отырып, мұғалiм сабақ жүргiзуге қажеттi қағидаларды анықтап бiлуге тиiс.
Сабақтың мақсаты мен мазмұнын анықтағаннан кейiн, қандай құралды қай жерде пайдаланғанын анықтап алады.
Сонан кейiн құралдың қайсысы бар, қайсысы жоқ екенiн анықтап, жоқ құралды өз күшiмен әзiрлеуге тиiс. Содан кейiн мұғалiм кiтаптың түгел мазмұнымен танысып шығуы тиiс. Онда әр тоқсандағы сабақ жоспарларының үлгiлерi берiлген. Сол арқылы мұғалiм жоспар құрады.
Мұғалiм кiтабын пайдалануға әр мұғалiм әр түрлi қарайды. Бiреулерi бұл кiтапты керек етпей, сабақ жоспарын өздiгiнше құрады. Кейбiреулерi кiтапты қолданғанда да, өзiнiң өзгертулерiн енгiзедi. Бұл дұрыс емес.
Ал үшiншiлерi кiтапты қолданады бәрiн кiтаптағыдай әзiрлейдi де, белгiлi бiр сабақтың ерекшелiктерiн ескермейдi. Бұл да толық дұрыс емес.
Ал төртiншiлерi, кiтапты тек қана көшiрiп қоймай, оны толықтырып, сыныптың ерекшелiгi мен қабiлетiн ескерiп, жоспар жасайды. Бұлар оқытудың негiзгi құралдарын бұзбайды, қайта оны толықтырып, байытады. Бұл қолданудың ең дұрыс формасы. Алдыңғы қатарлы тәжiрибенi зерттеу осы түрдiң ең жақсы шығармашылық түр екендiгiн көрсеттi.
3. Оқулық - ағылшын тiлiн оқытудың негiзгi құралы. Ол белгiлi бiр сыныпқа арналған оқу әдiстемелiк комплекстiң жүйесiн қалыптастырады.
Мысалы: IV немесе II сыныпқа арналған оқулықта оның ауызша оқуға негiзделгенi көрсетiлген. 4 сынып оқулығының бiрiншi бөлiмi ауызша кiрiспе бөлiм суреттермен берiлген. Ал екiншi сыныпта тапсырмалары бар суреттермен берiлген және қосымша дыбыстық жазбасы бар.
Оқулықтың негiзгi бөлiгi бөлiмдерден – сабақтардан (Units) тұрады. Әр сабақтың құрылымы сөйлеуге үйретудi қалыптастыру жолдарын көрсетедi. Мысалы: 2 сынып оқулығындағы әр Unit – тiң бiрiншi бөлiгi ауызша сөйлеуге арналған (Look and say), екiншi бөлiгi оқуға (Read), үшiншi бөлiгi жазуға (Write), төртiншi бөлiгi үй тапсырмасына (Home work) арналған.
Оқулық оқушының қолындағы бiрден – бiр оқу құралы болғандықтан, оқушы оның құрылымын, қай жерде не орналасқанын, қалай пайдалану керек екенiн бiлуi керек. Ол үшiн мұғалiм “кiтапқа саяхат жүргiзу” керек. Оқулықтағы белгiлердiң ненi бiлдiретiнiн бiлу қажет. Сонымен қатар оқулықтың алдындағы сөздiктi де таныстыру қажет. Оқулықты жақсы бiлу оқушыға ағылшын тiлiн өзiндiк оқуға көмектеседi.
4. Оқуға арналған кiтап. Ол ағылшын тiлiн оқуды үйренуге арналған құрал. Үйге берiлетiн оқулар үшiн бұл кiтап өте қажет. Қосымша мәтiндердi оқу практикалық, тәрбиелiк, білімділік, дамытушылық бағыттарда дамытады. Оқу мәтiндерiнiң ерекшелiктерi оқуға қызықтырады, ол үшiн оқудың тұрақтылығын және оны бақылауды сақтау керек. Мәтiндердiң әдiстемелiк ерекшелiктерi бар, олардың соңында тапсырмалар мен сұрақтар берiледi.
5. Дыбыстық жазба (таспа). Шетел тiлiн оқытуда дыбыстық жазбаның орны ерекше. Ол оқу жиынтығының құрамына кiредi және елтанушылық, лексикалық мәтiндер арқылы немесе әртүрлi диалогтар түрiнде берiледi.
Достарыңызбен бөлісу: |