4. Оқытудың көмекші құралдары
Сөздіктер шет тілін оқытудағы маңызды құралдардың бірі. Тілді оқытуда сөздіктердің қос тілді, түсіндірме, арнайы сияқты түрлері қолданылады. Мектеп оқушыларына арналған қос тілді сөздіктер арқылы оқушылар шет тілімен танысуды бастайды. Сөздікті пайдалану оқушылар үшін өте қажетті дағдылардың бірі.
Көрнекіліктер оқытудың маңызды құралдарының бірі. Көрнекіліктер тақырыптық суреттер, фотографиялар, кестелер, схемалар, плакаттар, карталар, иллюстрациялар, репродукциялар түрінде жасалып, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |