Пәні: Шетел тілін оқыту әдістемесі


Оқытудың техникалық құралдары



бет5/5
Дата25.12.2021
өлшемі35,83 Kb.
#105149
1   2   3   4   5
Байланысты:
04.02.2021 МОИЯ 2иняз2 Контент

5. Оқытудың техникалық құралдары

Оқытудың техникалық құралдары дегеніміз білімді, сөйлеу дағдылары мен біліктілікті қалыптастыратын, оқу үрдісінде оқу ақпаратын жеткізетін, сақтайтын, оқу нәтижесін бақылауға мүмкіндік беретін техникалық құралдар мен құрылғылар.

Оқытудың техникалық құралдарын оқытудың әртүрлі түрлерінде қолдануға болады. Қазіргі техниканың дамуы көпфункциональды оқу комплекстерін, компьютерді қолданып автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдануға мүмкіндік береді. Бұндай жүйелердің дидактикалық мүмкіндіктері көп, бұл жүйе оқытуды диалогтық үлгідежүргізіп, қашықтықтан оқытуға мүмкіндік береді. Бұл құралдардың негізіне дыбыс жазудың алғашқы нұсқасы- фонограф жатады. Оны Т. А. Эдисон 1877 жылы жасап шығарды. Сонан кейін патефон, грампластинка, магниттік таспа, аудиокассета, лазерлік диск, компакт- дисктер пайда болды. CD дисктерде дауыс жақсы сақталып, жақсы естілді. Сонан кейін пайда болған DVD дисктерде дыбыс пен қимыл бірдей жазылды. DVD плейерлер ең көп қолданылатын техникалық құралға айналды. Оқытудың техникалық құралдарының мынадай түрлері бар:магнитофон, фильмоскоп, эпипроектор, кодоскоп, компакт-диск, кинопроектор, видеомагнитофон, компьютер, сканер.

Магнитофон дыбысты жазуға және тыңдауға арналған құрылғы. Магнитофон үлгі мәтіндерді тыңдап, оны қайтадан жазып, өз жазғанын үлгімен салыстыруға мүмкіндік береді. Ол үйреніп жатқан тілдің дыбыстарын, интонациясын үйреніп, тыңдау, сөйлеу дағдыларын қалыптастырудағы таптырмас құрал. Фильмоскоп диафильмдер мен слайдтарды қарауға арналған құрал. Эпипроектор мәтіндерді, иллюстрациялар мен фотоларды қарауға арналған құрал. Кодоскоп арнайы пленкаға жазылған материалды қарауға мүмкіндік береді. Компакт-диск аудио, видео, мәтіндік, графикалық ақпаратты жинақ және оны компьютер, проектор арқылы көрсетеді. Видеомагнитофон теледидар бағдарламалары мен видеофильмдерді көрсетуге арналған құрылғы. Компьютер бағдарламаланған операцияларды орындау арқылы ақпаратты өңдеу негізінде жеке адам қолдануға арналған техникалық құрал. Шет тілі сабақтарында компьютерді қолданып оқу бағдарламаларын жаңа сабақты енгізуге, сөйлеу әрекетінің түрлерін үйретуге, әртүрлі ақпаратпен таныстыруға, білім деңгейін бақылауға болады. Соңғы жылдары мультимедиалық оқу бағдарламалары пайда болды, яғни дыбыстық қосымша, видеокескін, мәтінді бір уақытта қолдануға мүмкіндік жасалды.

Интерактивті тақта – сыныптағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл мұғалімдерге жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін (визуалды) ресурс.

Оның ақпаратты түрлі мультимедиалық ресурстар көмегі арқылы таныстыруға мүмкіндігі зор. Оқытушылар мен оқушылар материалды барынша жетік түсініп оқи алады. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Компьютерлік үлгілеудің көмегімен оқытудың белсенділігін арттыруға толық мүмкіндік береді.

Интерактивті тақтаны қолдану сабақтың жоспарын, қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Интерактивті тақтада жұмыс жасау материалды қарапайым, бірақ шығармашылық түспен қолдануды қарастырады. Файлдар мен беттерді алдын – ала дайындап, қолданылатын басқа ресурстарға бекітуге болады.

SMART Technologies Inc. компаниясы 1991 жылы дүниежүзінде бірінші болып интерактивті тақтаны ұсынған болатын. Ал Ресейде 1995 жылы мультимедиа – проекторы пайда болды. Аталған құралдар, ең алдымен, білім беру мекторларында, оқыту орталықтарында уаудай қажет болды. Өйткені, дәл осы салада кез келген адамның белгілі бір ақпаратты қабылдауы 80 пайызға дейін көру қабілеті арқылы жүзеге асырылатындықтан, көз алдында болып жатқан ақпарптты түсінікті де көрнекті түрде суреттеу өте қажет екені белгілі. Бүгінгі таңда кез келген адамның өскелең ұрпаққа сапалы білім беру барысында осы аталмыш технология нәтижелі жетістікке жеткізіетіндіктен, мұғалімдер бірінші болып интерактивті тақтаның педагогикалық мүмкіншіліктерін аса жоғары бағалап, оны іс жүзінде тиімді қолдану тәсілдерін үздіксіз зерттеу үстінде. шынында да, интерактивті тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни орта буында, бастауыш мектепте және жоғары оқу орындарында, сондай – ақ балабақшада оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді.

Интерактивті SMART BOARD тақтасы жабдықталған кабинет құрамына кіреді. Осы тақтаны қолдана отырып біз тексерілген қолдану әдістерін кәдімгі тақта мен интерактивті және мультимедиалық мүмкіншіліктерді сәйкестендіре аламыз. SMART тақтасымен жұмыс жүргізу технологиясы келесі амалдардан тұрады: интерактивті тақтаға арналған аппаратты қамтамасыз ету құралы сол тақтаның өзінен, яғни әсерленгіш сенсорлық дисплейден, сондай – ақ, проектордан, компьютерден, дауыс зорайтқыштан және біршама қосымша жабдықтардан тұрады. Интерактивті тақтаны стандартқа сәйкес компьютерге қосуға болады.

Жұмысты бастамас бұрын интерактивті тақта компьютерге және проекторға жалғанады. Компьютер бейнелеуді проекторға, ал одан бейнелеу интерактивті тақтаға беріледі. Әрі қарай компьютерді басқару үшін экранға қол тигізсе болғаны. Интерактивті тақтада компьютердің дисплейімен қалай жұмыс жасауға болады, айталық белгілі бір мәліметті ендіретін құрал, компьютердегі үстеменің, вебсайттың және бейнекөріністің үстінен жаза білуге болады. Сонымен қатар, жұмысыңызды аяқтаған соң, жазылған жазуларыңызды сақтап қойып, келесі жолы әрі қарай қолдана беруге толық мүмкіншілік берілген.

Электронды SMART тақтасы:

- материалға белсенді сипаттама беруге, қосымша материалдармен толықтыруға, жеке атап көрсетуге, бөліп шығаруға, маркерді қолданып жұмыс істеуге;

- толыққанды мәтінмен және жеке сөйлемдерді аударумен бірге сөз арасындағы байланыс түрлерін көрсетуге;

- тест сұрақтарымен тек қана бейне режимде таныстыру емес, сонымен қатар жеке оқушының немесе оқушылар тобының жұмыстарын аудитория алдында көрсетуге;

- нәтижелерді жеке файлда сурет ретінде сақтауға мүмкіншілік береді.

Қолданыста аса маңызды болып келетін тақта бағдарламалық қамтамасыз етілген. Тақтада берілген материалдарын белсенді түрде оқытылып жатқан тілдің барлық салаларында және тілді оқытудың барлық деңгейінде қолдануға болады. Тақырып бойынша құрамдастыру (адам, жануарлар, ауа – райы, көлік, киім т. б. ) өте ыңғайлы. Суреттерді әр түрлі редакторларға көшіруге болады. (POWER POINT, WORD).

Арнайы функциялар бірдей суреттердің санын тез арада үлкейтуге мүмкіншілік береді, бұл кез – келген тақырыпты оқытуда пайдалы.

Мектепте, ағылшын сабағында аса маңызды болып Flash - анимация қолдану есептеледі, флэш – анимация өлең жолдарын бірінен соң бірін дикторлардан кейін қайталап отыру арқылы өлең мәтінін жаттауға мүмкіндік береді. Тіл таратушылармен жасалынған жазба, ыңғайлы интерфейс ойын ретінде берілгендіктен, оқушыны қызықтырып сабақтың маңызды кезеңі – аудирование кезінде шет тілді есту жүзеге асып, керекті нәтижеге жеткіеді.

Интерактивті тақтаны қолдана отырып, интерактивті оқытуды ұйымдастыруға болады деген тұжырымдар жасауымызға болады.



Әдебиеттер тізімі:

  1. « Шет тілін оқытудағы әдістеме » З.Н.Утегулова. 2013ж. №3 24-26 бет

  2. « Мектептегі шет тілі » 2011 ж. №52 

  3. « Шет тілін оқыту әдістемеcі » Амандықова Г.Н. Мұхтарова Ш.Е. Баймұқанова Б.С 

  4. Мектептегі шет тілі №2 2011 ж. «Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыруда жаңа технологиялық әдістерді тиімді пайдалану»

Ресурстар:

1.https://stud.kz/referat/show/50922



2. https://engime.org/1-shet-tili-sabafinda-aparatti-tehnologiyalardi-oldanudi-teori.html?page=3

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет