7 минут
|
ІІІ Жаңа сабақ
Жаңа сабақты бейнетаспадан көрсету
Қолда өсірілген малдың етінде орта есеппен 52,8-73,7 пайыз – су, 15-20 пайыз – белок, 5,8 – 29,4 пайыз – май, 0,8 – 1,1 пайыз – күл, құс етінде 50 – 64,4 пайыз су, 18,2 – 19,8 пайыз – белок, 15,5 – 31,2 пайыз – май, 0,9 – 1,1 пайыз – күл болады. Әрбір мал түлігі етінің бір-бірінен айырмашылығы биохимиялық құрамы мен дәмінде. Сиыр етінде гистамин көп, мал етіне қарағанда, құс етінде коллаген, эластин аз. Ол жеңіл қорытылады. Етте толып жатқан минералды заттар, атап айтқанда, темір мен дәрумендер бар. Әсіресе, бауыр темірге, А1, В2, В6, В12 дәрумендеріне бай. Оның үстіне, өте маңыздысы, еттің құрамына экстрактивті деп аталатын заттар кіреді, олар қайнатқан кезде сорпаға ауысады. Экстрактивті заттар тәбетті қоздырады, ас қорытатын сөлдердің бөлінуін күшейтеді. Етті көп жеу организмде экстрактивті заттарды, атап айтқанда, несеп қышқылын құрайтын пурин негіздерін, сондай-ақ, азотты метаболизмнің түпкі өнімдерін көбейтіп, ауыртпалық түсіреді. Жеңіл дене еңбегімен шұғылданатын ересек адамға аралас тамақтанған ретте, күніне 150-200 грамм ет немесе ет өнімін жеу жеткілікті.Қазақша ет – малдың етін қазанға асып, піскен соң түсіріп алып, сорпасына жайма нан салып пісіріп, оны табаққа салып, үстіне ет турап, тұздық құйып жейді. Қонақтардың түріне қарай малдың әртүрлі арнайы мүшелері қазанға салынады. Ет – қазақтың ең басты, қадірлі тамағы. Қонақ келгенде, аруақтарға ас бергенде, той жасағанда ет асады.
Бас тарту – сыйлы, алыстан келген қонақтарға мал сойып (қой), етпен бірге бас ұсынады. Сиырдың жарты шекесі, қойдың басы тұтас, жылқының басы кеңсірігінен шабылып, тұтас немесе екіге бөлініп асылады. Қойдың, сиырдың басын үйітіп, тісін бір-екі жерден қағып, жуып тазалап алып барып қазанға салады.
|
Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсінік алады
|