Пәні:Ұлттық және халықаралық монополияға қарсы заңдар МӨЖ тақырыбы: Монополияға қарсы заңнаманың қайнар көздері



Дата08.02.2023
өлшемі0,64 Mb.
#168017
Байланысты:
Құрманбек Айдана МӨЖ

Пәні:Ұлттық және халықаралық монополияға қарсы заңдар МӨЖ тақырыбы: Монополияға қарсы заңнаманың қайнар көздері.

Орыор


Орындаған:Құрманбек А.С.
мамандығы: қаржы құқығы
Тексерген: Қалымбек Б.

Жоспар:

  • Монополияға қарсы заңнама
  • Монополияға қарсы заңнаманың қайнар көздері.

Монополияға қарсы заңнама — нарықтық экономиканы басшылыққа алатын кәсіпкерлер қызметтің түрлі
салаларында бәсекелестік ортаны қолдауға, монополизмгежәне жосықсыз бәсекеге қарсы әрекет жасауға бағытталған
құқықтық актілер кешені. 
Монополияға қарсы қолданылатын заңнамада, әдетте, түрлі үлгідегі шаруашылық бірлестіктерін ұйымдастыру
кезіндегі шектеулерді айқындайтын нормалар, нарықта бәсеке күрес жүргізу және тауарлар мен қызметтерді сату
жөнінде шарттар жасасу қағидаты, сондай-ақ тиісті заңдар мен ережелердің сақталуын қадағалау жөніндегі
мемлекеттік органдардың өкілеттігі қамтылады.

«Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де. Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.

Монополияға қарсы заңнаманың қайнар көздері:


1) ҚР Конституциясы, 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды;
2) ҚР Азаматтық кодексі, 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылданды ;
3) ҚР Қылмыстық кодексі, 2014 жылғы 3 шiлдеде қабылданды ;
4) Монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін монополияға қарсы жауапкершілік жүктеу шараларын қолдану Ережелерін
бекіту туралы .
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары:
Монополияға қарсы органның қызметкерлері өзінің қызметтік міндеттерін атқарған, оның ішінде Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қараған, монополияға қарсы
заңнаманың бұзылуы туралы істі тергеген, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асырған және бәсекелестік
деңгейінің жай-күйін айқындаған кезде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы заңнамасының сақталуына тергеу жүргізу туралы монополияға қарсы орган
басшысының шешімін көрсеткен кезде:
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын

  • сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық
    субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына
    кедергісіз кіруге;

2) мемлекеттік органдардан, нарық субъектілерінен,
сондай-ақ лауазымды және өзге жеке және заңды
тұлғалардан ақпарат, оның ішінде жол берілген
Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
заңнамасының бұзушылықтарына орай жазбаша және
(немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға
құқылы.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:

табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу; 


монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау; 
мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау; 
сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу. 
  • Монополиялық баға дегеніміз - монополияның жеке дара немесе көбінде басқа концерндермен мәмілесіп қоятын бағасы. Әдетте, бұл бағалар тауардың нақтылы құнынан да және өндіріс бағаларынан да жоғары болып келеді, ал қоғамдық құнынан төмен болады.
  • Монополиялық баға екі түрде болады.


Біріншісі – монополиялық жоғары баға. Бұл жоғарғы бағамен монополиялық кәсіпорын өзі ғана өндіріп, өзі белгілеген
жоғарғы бағамен сатады. Бұл тауарды басқа кәсіпорындар өндірмейді. Сондықтан тұтынушылар, оның бағасы жоғары
болса да, алуға мәжбүр болады.
Екіншісі – монополиялық төменгі баға. Бұл тауарларды өндіруге қажетті материалдардың, шикізаттың, бөлшектердің
бағасы. Оны сатушылар шағын кәсіпорындар, ал сатып алушылар тек бір-екі монополиялық кәсіпорындар. Олар, осы
жағдайды пайдаланып, төмен бағамен өздеріне керекті материалдарды алады. Ал бұлар алмаса, сатушылардың заттары
өтпей қалады. Ол өндірістің тоқтауына апарады.
  • Монополиялық бағалар дәрежесіне сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынастары әсер етеді. Алайда, монополистер сұраныс төмендеп кеткен жағдайдың өзінде де тауарлардың бағасын жоғары ұстай алады. Өйткені, бағаның тиісті дәрежесі келісім- шарт жасау арқылы іске асып. Баға қоюдың «Басшылық» жүйесі ең ірі компанияның қолына көшеді. Дегенмен, бұған қауіп төндіретіндер бар- олар келісімге келмеген «бөгде» фирмалар.
  • Монополиялардың өздері сатып алатын тауарларлың(бөлшектер, шикізат, материалдар) бағасы. әдетте, монополиялық төмен бағалар болады. Бірақ, мұның да шегі бар. Ол мұндай тауарларды сататын шағын кәсіпорындардың капиталдардың ұдайы өндірілуі қамтамасыз етіліп тұруы қажет, яғни бұдан төмен болмауы керек. Алайда монополиялық бағалар да өзгереді. Оның негізі- тауар құнының өзгеруі.
  • Монополдық пайда – ол монополдық жоғары бағамен тауардың құнының (болмаса тепе-тең баға) айырмасы. Мұнда сатып алушылар өзінің әдеттегі табысының бір бөлігін монополияның пайдасына жібереді. Оның негізі – жолдама жұмысшылардың еңбегімен жасалатын қосымша құн.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет