ПӘнін оқыту-әдістемелік кешен



бет14/57
Дата23.08.2017
өлшемі7,64 Mb.
#25704
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57

Кестеге мәліметтер жазу

Ехсеl программасында электрондық кесте ұяшығына енгізілетін мәліметтердің типтері мәтін, сан, уақыт, күн-ай мезгілі және формула болуы мүмкін.



Excel электрондық кестесінде адрестерді көрсету әдістері

Ұяшық пен блоктардың адрестерін абсолютті, салыстырмалы және аралас түрде бейнелеу:



Салыстырмалы адрес. Ұяшықтармен жұмыс жасау кездерінде D3, A1:H9 т.с.с сілтемелерлі қолдануға болады. Адрестердің мұндай түрде көрсетілуісалыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы адрестер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы.Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды. Мысалы, D4 ұяшығына = D1+ D2 енгізетін болсақ, Excel программасы бұл формуланы «екпінді ұяшықтан үш қатар жоғары және екі қатар төмен ұяшықтағы мәндерді қосу керек»деп қабылдайды.

Абсолютті адрес. Егер формуланы көшіру барысында белгілі-бір ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы: $A$C14 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде C14 ұяшығындағы мән пайдаланылады.

Аралас адрес. $ белгісі қажетті орында ғана жазылады, мысалы $C14 немесе C$14.Егер абсолютті адрес белгісі ұяшық алдында ғана жазылса ($C14), баған мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді. Керісінше қатарды тұрақты қалдырып, бағананы өзгерту үшін (C$14) түрінде жазылады.

Формулалар енгізу

Excel электрондық кестесі арифметикалық амалдарды, функциялармен біріктілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді формулалар ретінде қабылдайды.



Формулаларды міндетті түрде «=» теңдік немесе «+» қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы теңдігін есептеу үшін немесе формуласымен жазамыз.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз - іс-әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер



Формулалар қайтаратын қателіктер

Келесі кестеде қателіктер тізімі көрстеілген (Кесте 2 ).



Кесте 2

Қателік

Сипаты

#Н/Д

Н/Д – Анықталмаған мәліметтер (неопределённые данные) қысқартылған сөз. Бос ұяшықтарға сілтеменің болмауын қарастыады

#ЧИСЛО!

Қолданылмайтын аргумент ті көрсетеді.

#ИМЯ?

Ат жазғандағы қателік немесе жоқ атты білдіреді

#ССЫЛКА!

Бос ұяшыққа сілтеме қолданылып тұр

#ЗНАЧ!

Сандық немесе логикалық мәннің орнына текст енгізілген, программа соны өңдей алмай тұр деген сөз

#ДЕЛ/0!

Бөлгіш ретінде ноль мәнге тең немесе бос ұяшық тұғанын білдіреді.

#ПУСТО!

Ұяшыққа қате сілтеме тұрғанын көрсетеді.

#############

Мәліметтер бағанға симай тұр, баған енін кеңейту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет